Меню

Страницы

Статья

КЕДЕНДІК ҚОЙМА: БИЗНЕСКЕ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?

Тауар импорттайсыз ба? Онда «Кедендік қойма» кедендік рәсімі шығындарды оңтайландырып, жеткізуді икемді басқаруға мүмкіндік береді.

 Негізгі артықшылықтары:

Кедендік төлемдерсіз сақтау
Шетелдік тауарларды кедендік баждар мен салықтарды төлемей, еркін айналымға шығарғанға дейін сақтауға болады.

 3 жылға дейін сақтау
Тауарлар кедендік қоймада 3 жылға дейін сақталады (кейбір тауарлар үшін бұл мерзім қысқартылуы мүмкін).

 Тауарды кезең-кезеңімен шығару
Барлық тауарды бірден рәсімдеу міндетті емес. Қажеттілігіне қарай қоймадан бөліп шығаруға болады.

 Тауармен операциялар жасауға рұқсат етіледі.

Сақтау кезінде:
• қарап тексеру және өлшеу;
• қаптамасын ауыстыру;
• кеден органының рұқсатымен сынамалар алу, таңбалау және басқа да қажетті операцияларды жүргізуге болады.

 Маңызды!

Сақтау мерзімі аяқталғанға дейін тауарлар ЕАЭО кеден заңнамасында көзделген өзге кедендік рәсімге орналастырылуы тиіс.

 «Кедендік қойма» рәсімі бизнеске тауар қорын тиімді басқаруға, қаржылық жүктемені азайтуға және нарық сұранысына жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
11 сентября 2026
Дата обновления
11 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Еуразиялық экономикалық одаққаға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейі туралы: нені білу маңызды?
Пайдалы ақпарат
01 октября 2026
ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ТАЛАПТАР
Пайдалы ақпарат
29 сентября 2026
Электронды шот-фактураны жазып беруге міндетті тұлғалардың санаттары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы