Меню

Страницы

Статья

МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР БОЙЫНША ХАБАРЛАМА АЛҒАН САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР ҚАНДАЙ ӘРЕКЕТ ЖАСАУЫ ТИІС?

 Мемлекеттік кірістер органдарымен мобильді аударымдарды бақылау нәтижесінде төмендегі үш талап бір мезгілде анықталған азаматтарға ескерту хабарламалары жолданды:
 қатарынан үш күнтізбелік ай бойы жеке банк шотына 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан ақша қаражаты түскен;
 банк шоты кәсіпкерлік қызметті жүргізуге арналмаған;
 көрсетілген кезеңдегі түсімдердің жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асқан.

 Егер хабарлама жеке кәсіпкерге жолданған болса

 Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметтен түскен табысын 220.00-нысан бойынша декларацияда көрсетуі тиіс. Декларация 2027 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында ұсынылады, ал есептелген салық 2027 жылғы 10 сәуірге дейін төленеді.

 Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер табысын 910.00-нысан бойынша 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған декларацияда көрсетеді. Декларация 2026 жылғы 1 шілде мен 15 тамыз аралығында ұсынылып, салық 2026 жылғы 25 тамызға дейін төленуі тиіс.

 Егер хабарлама алған жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болса

Егер жеке тұлға іс жүзінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырып, бірақ мемлекеттік кірістер органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болса, ол Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметтен алған табысын заңдастырып, тиісті салық міндеттемелерін орындауға міндетті.

Ол үшін:
 егер бұрын тіркелмеген болса, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуі;
 алынған табысты тиісті салық есептілігінде көрсетуі;
 салық міндеттемелерін заңнамада белгіленген мерзімдерде орындауы қажет.

 Табысты декларациялау тәртібі

 Салық төлеушінің мәртебесіне қарай табыс төмендегідей тәртіппен декларацияланады.
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін қолданатын азаматтар (мобильді қосымша арқылы фискалдық чек рәсімделмеген түсімдер бойынша) алған табысын 2026 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларацияда (270.00-нысан) көрсетуге міндетті.

Дата публикации
11 сентября 2026
Дата обновления
11 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Еуразиялық экономикалық одаққаға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейі туралы: нені білу маңызды?
Пайдалы ақпарат
01 октября 2026
ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ТАЛАПТАР
Пайдалы ақпарат
29 сентября 2026
Электронды шот-фактураны жазып беруге міндетті тұлғалардың санаттары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы