Меню

Страницы

Статья

Салық салу режимін өзгерту: 2026 жылы нені білу қажет?

Салық салу режимін таңдау – заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін маңызды шешім. Дұрыс таңдалған режим салық жүктемесін оңтайландырып, есеп жүргізуді және есептілік тапсыруды жеңілдетеді.

Сонымен қатар, режимді өзгерту Салық кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Әйтпесе, оны қайта өзгерту қажеттілігі және өзге де жағымсыз салдарлар туындауы мүмкін.

 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес үш арнайы салық режимі қолданылады:
 оңайлатылған декларация негізіндегі АСР;
 өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР;
 шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР.
•
Арнайы салық режимін таңдау, оған көшу және қолдануды тоқтату тәртібі Салық кодексінің 716-бабымен реттеледі.

 Арнайы салық режимін таңдау
716-баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес:
 жаңадан құрылған заңды тұлғалар мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде хабарлама береді;
 жеке кәсіпкерлер мен қолданыстағы заңды тұлғалар да режимді хабарлама ұсыну арқылы таңдайды.

 Арнайы салық режиміне көшу
Белгіленген талаптар сақталған жағдайда:
 ЖБТ қолданатын заңды тұлғалар – оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ға;
 ЖБТ қолданатын ЖК – оңайлатылған декларациядағы АСР-ға және (немесе) фермер қожалықтарына арналған АСР-ға;
 оңайлатылған декларациядағы АСР-ды қолданатын ЖК – фермер қожалықтарына арналған АСР-ға;
 фермер қожалықтарына арналған АСР-ды қолданатын ЖК – оңайлатылған декларациядағы АСР-ға өте алады.

 Шектеулер
Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР күнтізбелік жыл ішінде өзгертілмейді, тек оны қолдану құқығы жоғалған жағдайда ғана.
Қайтадан оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ға өту үшін:
 жалпыға бірдей тәртіп кемінде бір күнтізбелік жыл қолданылуы;
 соңғы күнтізбелік жылдағы жиынтық табыс 600 000 АЕК-тен аспауы тиіс.

 Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге арнайы салық режимін таңдамас немесе өзгертпес бұрын оның қолданылу талаптарына сәйкестігін мұқият бағалауды ұсынады. Бұл салық заңнамасының талаптарын сақтауға және салық салу режимін қайта өзгерту қажеттілігінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Дата публикации
11 сентября 2026
Дата обновления
11 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспарының орындалуы туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Еуразиялық экономикалық одаққаға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейі туралы: нені білу маңызды?
Пайдалы ақпарат
01 октября 2026
ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ТАЛАПТАР

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы