Меню

Страницы

Статья

Салық берешегі: дебиторлардың шоттарынан өндіріп алу

Салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі келесі жағдайларда оның дебиторларының банктік шоттарындағы қаражат есебінен өндіріп алынуы мүмкін:
• салық берешегі өтелмеген;
• берешек сомасы заңнамада белгіленген шектен асқан;
• бұған дейін салық төлеушінің өз банктік шоттарынан мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы қолданылған.

 Дебитор кім?

Дебитор – салық төлеушіге берешегі бар тұлға. Оған жеке және заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері және Қазақстанда тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезиденттер жатады.

 Салық органының өкілеттіктері

Дебиторларды анықтау үшін салық органы ақпараттық жүйелердің деректерін пайдаланады, салық төлеушіге және оның дебиторларына тексеру жүргізуге құқылы.

 Берешекті растау

Дебиторға дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама жіберіледі. Ол өзара есеп айырысу актісін немесе берешекті растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

 Хабарлама орындалмаған жағдайда салық органы дебиторға тексеру жүргізіп, оның банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқылы.

 Берешекті өндіріп алу

Дебиторлық берешек расталғаннан кейін салық органы дебитордың банктік шоттарына инкассалық өкім қояды. Бұған өзара есеп айырысу актісі, салықтық тексеру актісі немесе заңды күшіне енген сот шешімі негіз болады.

 Осылайша, расталған дебиторлық берешек болған жағдайда салық төлеушінің салық берешегі дебитордың қаражаты есебінен, расталған сома шегінде өндіріп алынады.

Дата публикации
11 сентября 2026
Дата обновления
11 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспарының орындалуы туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Еуразиялық экономикалық одаққаға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейі туралы: нені білу маңызды?
Пайдалы ақпарат
01 октября 2026
ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ТАЛАПТАР

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы