Меню

Страницы

Статья

Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы

Заң жеке тұлғаның соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы арқылы берешегін реттеу тетіктерін көздейді.

Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.

 Бірінші рәсім: Соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін.

 Бұл рәсімді қолдану үшін келесі шарттар орын алады:

  1. банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспаса;
  2. өтініш берген күннен бастап қатарынан 12–ай ішінде міндеттемелері өтелмеуі тиіс;
  3. мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ болуы;
  4. банкпен берешектер бойынша жұмыс жүргізу;
  5. банкроттық 7 жыл бойы қолданылмау қажет.

Сонымен қатар, Заң жобасымен:

  • 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін;
  • 5 жылдан астам уақыт қарызы өтелмеген азаматтар үшін ерекше жағдайлар қарастырылған.

Соттан тыс банкроттық «Электрондық үкімет» веб-порталында басталады. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіру критерийлеріне сәйкестігін анықтау мақсатында мүдделі мемлекеттік және басқа органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізілетін болады.

5,5 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығына жүгіне алады.

Сот банкроттығы мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады.

Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болып табылса, онда кредитор оны қайтарып алуға құқылы.

Жалғыз баспана кепіл болмаса, кредиторлар оны талап ете алмайды.

Қалған өтелмеген сома, егер борышкердің белгілері болмаса есептен шығаруға жатады.

Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, оның ішінде:

  • Заңды тұлғалар банкроттығы рәсіміндегі әкімшілер;
  • Кәсіби бухгалтерлер;
  • Заң консультанттары;
  • Аудиторлар.

Барлық борышкерлер қаржы басқарушыларының қызметтерін төлей алмайтынын назарға ала отырып, заң жобасында, мүлкі жоқ, әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделген.

Үшінші рәсім – ол төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін (5 жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады.

Сауықтыру жоспары қаржы бақарушымен бірлесіп әзірленіп, сотпен бекітіледі.

Бұл процедураның артықшылығы, кейін адам «банкрот» деген мәртебесін алмайды, сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.

Банкроттықтан кейін пайда болатын салдар:

  • 5 жылға несиелер мен кредиттер алу шектеуі;
  • 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіну құқығы;
  • 3 жыл қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін болады.

Алимент өндіру, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін келтірілген зиянды өтеу бойынша берешектерді есептен шығарылмайды.

Дата публикации
23 июня 2026
Дата обновления
23 июня 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Еуразиялық экономикалық одаққаға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейі туралы: нені білу маңызды?
Пайдалы ақпарат
01 октября 2026
ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ТАЛАПТАР
Пайдалы ақпарат
29 сентября 2026
Электронды шот-фактураны жазып беруге міндетті тұлғалардың санаттары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы