Абай облысы бойынша салық органдары 01.01.2026 жылғы жағдай бойынша дербес шотта есептелген берешек сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару үшін Тізімге енгізілген 1177 микрожәнешағынкәсіпкерліксубъектілерінеқатыстыжұмысжүргізуде.
Олардың ішінде заңды тұлғалар саны 377, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары - 800.
Есептен шығаруға жататын өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасы 1 076 272,10 мың теңгені құрайды. Оның ішінде өсімпұлдар сомасы 957 200,10 мың теңге, айыппұлдар -119 072, 00 мың теңге.
Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару компаниясын өткізу барысында бюджетке 2 364 344,30 мыңтеңгесомасындаберешектүсімікүтілуде.
Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару компаниясы 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін жүзеге асырылады.