Осы Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидалары және олардың құжат айналымы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 176-бабына "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТІЖ) ресімдеу тәртібін айқындайды. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен бекітілген.
Салық салу, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру мақсаттары үшін ТІЖ:
1) тауарға ілеспе, оның ішінде салық төлеушіге тауарларды тиеп жөнелтуді растайтын құжат;
2) бастапқы бухгалтерлік құжат болып табылады.
Осы Қағидалардың 64-тармағында көрсетілген, ТІЖ қағаз жеткізгіште рәсімдеуге жататын жағдайларды қоспағанда, ЭШФ АЖ электрондық нысанда рәсімделеді.
Техникалық қателердің себебінен ЭШФ АЖ-да ТІЖ ресімдеудің мүмкін еместігі туралы ақпаратты МКК интернет-ресурсында растаған жағдайда, салық төлеуші ТІЖ қағаз тасығышта ресімдейді.
Осы Қағидалардың 64-тармағына сәйкес қағаз тасығышта ресімделген ТІЖ:
ЭШФ АЖ-да техникалық ақаулар жойған күннен бастап (техникалық ақаулар туындаған кезеңде ТІЖ қағаз тасығышта ресімделеді);
ТІЖ жеткізушісі ЭШФ АЖ-ға қағаз ТІЖ енгізген күннен бастап (алушы тауарларды техникалық ақаулар кезеңінде сатып алған кезде) 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ-ға енгізілуі тиіс.
Автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде ТІЖ әрбір автомобиль көлігіне жеке ресімделеді.
ТІЖ құрылымының техникалық сипаттамасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – МКК) интернет-ресурсында жарияланады және ЭШФ АЖ-да ТІЖ қабылдау және өңдеу кезінде ескеріледі.
Өнім беруші (алушы әкелу кезінде) Салық кодексінің 180-бабында көзделген, мынадай мерзімдерде ТІЖ:
1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағымен алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде – тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірілмей;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына:
ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде – Тауарлар тізбесінің реттік нөмірлері 1, 2, 3, 3-1, 3-2 және 3-3-жолда көрсетілген, олар бойынша кедендік тазарту жүргізілген тауарларды өткізу, сату және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірілмей;
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;
3) Тауарлар тізбесінің реттік нөмірлері 1, 2, 3. 3-1, 3-2, 3-3 және 4-жолда көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына әкету кезінде – тауарларды өткізу, сату және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірілмей;
4) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде – тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірілмей;
5) ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде автомобиль өткізу пунктінде ұсынады.
Тауарларды автомобиль көлігімен не әуе кемесімен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу немесе Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде мемлекеттік кірістер органының қызметкері ТІЖ-ге тиісті белгі қою арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту фактісін растауды жүргізеді.