2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспарының орындалуы туралы ақпарат
2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспары 104% деңгейінде орындалды. Бекітілген жоспар 599,4 млрд теңгені құраса, нақты түсімдер 624,8 млрд теңге болып, жоспардан 25,5 млрд теңгеге артық орындалды. 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда түсімдер көлемі 135%-ға өсіп, абсолюттік мәнде 163,7 млрд теңгеге артты.
Республикалық бюджетке түсімдер жоспары 103,3% деңгейінде орындалды. Жоспар 465,3 млрд теңге болса, нақты түсім 480,9 млрд теңгені құрап, жоспардан 15,6 млрд теңгеге артық орындалды.
2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсімдер 141 %-ға өсіп, 140,2 млрд теңгеге артты.
Жергілікті салықтар бойынша жоспардың орындалуы 107,4% деңгейінде қамтамасыз етілді. Жоспарланған 134,1 млрд теңге орнына 144,0 млрд теңге түсіп, жоспардан 9,9 млрд теңгегеартық орындалды.
2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 119%-ды құрап, 23,4 млрд теңгеге артты.