2025 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспарының орындалуы туралы ақпарат

2025 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспарының орындалуы туралы ақпарат

 

2025 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспары 103% деңгейінде орындалды. Бекітілген жоспар 390,7 млрд теңгені құраса, нақты түсімдер 401,3 млрд теңге болып, жоспардан 10,4 млрд теңгеге артық орындалды. 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда түсімдер көлемі 141%-ға өсіп, абсолюттік мәнде 116,6 млрд теңгеге артты.

 

  1. Республикалық бюджет

Республикалық бюджетке түсімдер жоспары 100,6% деңгейінде орындалды. Жоспар 297,8 млрд теңге болса, нақты түсім 299,4 млрд теңгені құрап, жоспардан 1,6 млрд теңгеге артық орындалды.

2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсімдер 154 %-ға өсіп, 104,4 млрд теңгеге артты.

 

  1. Жергілікті бюджет

Жергілікті салықтар бойынша жоспардың орындалуы 109% деңгейінде қамтамасыз етілді. Жоспарланған 93,0 млрд теңге орнына 101,8 млрд теңге түсіп, жоспардан 8,8 млрд теңгегеартық орындалды.

2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 114%-ды құрап, 12,2 млрд теңгеге артты.

2025 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспарының орындалуы туралы ақпарат
Дата публикации
23 октября 2025