Салық органдары, жергілікті атқарушы органдар және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар тіркеу әрекеттерін жасаған кезде және рұқсат беру құжаттарын немесе олардың қосымшаларын берген кезде алынатын алымдар, төлемдер, мемлекеттік баждар саны қысқартылып, мөлшерлемелер саны азайтылады.

Сокращение числа сборов, плат, государственных пошлин, взимаемых налоговыми органами, местными исполнительными органами и другими уполномоченными государственными органами при совершении регистрационных действий и действий по выдаче разрешительных документов или их дубликатов, уменьшение количества ставок.

 

Жаңа Салық кодексі шеңберінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензиялар үшін төлем алынып тасталады.

         3 төлем 1 төлемге біріктіріледі: орман және өсімдік ресурстарын, жануарлар дүниесін, су ресурстарын пайдалану төлемдері табиғи ресурстарды пайдалану төлеміне біріктіріледі.

         Осылайша, 10 төлем 7-ге дейін қысқарады. 374 мөлшерлемеден 323 мөлшерлеме қалады (–50 мөлшерлеме).

         Мемлекеттік тіркеу үшін 6 төлем алынып тасталады:

         -дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу үшін, сондай-ақ оларды қайта тіркеу үшін;

         -ғарыш объектілері және оларға құқықтар үшін;

         -қозғалатын мүлікті кепілге қою және кемелерді ипотекаға қою үшін;

         -телерадиоарнаны, мерзімді басылымды, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою үшін;

         -рұқсат беру құжаттарын, келісімдерді банктік және сақтандыру нарығы қатысушыларына беру үшін;

         -теледидарлық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін.

         310 мөлшерлемеден 276 мөлшерлеме қалады (–34 мөлшерлеме).

         Қосымша 5 мемлекеттік баж алынып тасталады:

         -зияткерлік меншік саласындағы заңды мәні бар әрекеттерді жасау үшін уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асыратын заңды әрекеттер үшін;

         -өзге де әрекеттерді жасау үшін;

         - жүк тасымалдарын жүзеге асыратын халықаралық автокөлікке рұқсат куәлігін және оның қосымшаларын беру;

         - теңізшінің жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының теңіз кітабын, кәсіптік дипломды беру;

         - жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін импорттауға, экспорттауға және (немесе) қайта экспорттауға рұқсат беру.

         113 мөлшерлемеден 62 мөлшерлеме қалады.

Салық органдары, жергілікті атқарушы органдар және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар тіркеу әрекеттерін жасаған кезде және рұқсат беру құжаттарын немесе олардың қосымшаларын берген кезде алынатын алымдар, төлемдер, мемлекеттік баждар саны қысқартылып, мөлшерлемелер саны азайтылады.
Дата публикации
27 августа 2025