2025 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспарының орындалуы туралы ақпарат

2025 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспарының орындалуы туралы ақпарат

2025 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспары 106 % деңгейінде орындалды. Бекітілген жоспар 244,8 млрд теңгеніқұраса, нақты түсімдер 259,7 млрд теңге болып, жоспардан 14,9 млрд теңгеге артық орындалды. 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда түсімдер көлемі 140 %-ға өсіп, абсолюттік мәнде 74,2 млрд теңгеге артты.

  1. Республикалық бюджет

Республикалық бюджетке түсімдер жоспары 100,1 % деңгейінде орындалды. Жоспар 192,5 млрд теңге болса, нақты түсім 192,6 млрд теңгені құрап, жоспардан 114,5 млн теңгеге артық орындалды.

2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсімдер 153 %-ға өсіп, 66,6 млрд теңгегеартты.

  1. Жергілікті бюджет

Жергілікті салықтар бойынша жоспардың орындалуы 128 % деңгейінде қамтамасыз етілді. Жоспарланған 52,4 млрд теңге орнына 67,2 млрд теңге түсіп, жоспардан 14,8 млрд теңгегеартық орындалды.

2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 113 %-ды құрап, 7,6 млрд теңгеге артты.

2025 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспарының орындалуы туралы ақпарат
Дата публикации
15 июля 2025