Берешекпен жұмыс басқармасының 01.09.2026ж. жағдайына талдамалық ақпараты

2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларымен бюджетке берешекті 2,0 млрд. теңгеге төмендету қамтамасыз етілді, оның ішінде:

 -борышкерлердің банктік шоттарынан өндіріп алу есебінен 461,1 млн. теңге;

-борышкердің мүлкін сатудан - 22,2 млн. теңге;

-кейінге қалдыру/бөліп төлеу есебінен-958,2 млн. теңге;

-қайта тіркеуді жарамсыз деп тану есебінен -365,0 млн. теңге;

-борышкерлерді банкрот деп тану есебінен -39,5 млн. теңге;

-оңалту рәсімін қолдану есебінен -157,8 млн. теңге;

-дебиторлардың банктік шоттарынан 18,1 млн. теңге өндіріп алу есебінен.

«Касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы» салық органының Өкімін орындау бойынша жүргізілген 9 тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 277-ші бабына сәйкес 292,0 мың теңге сомасына айыппұл салумен 9 салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

19 тақырыптық тексерудің нәтижелері бойынша 34,1 млн. теңгесомасынадебиторлықберешекбелгіленді.

39 салық төлеуші дебиторлар тізімін ұсынбағаны үшін ҚР ӘҚБтК 288-ші бабының 1-ші бөлігі бойынша «Ескерту» түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

392 салық төлеуші ҚР ӘҚБтК 279-ші бабының 2-ші бөлігіне сәйкес 4,9 млн.теңге сомасына «Төлем көзінен салық салынатын ЖТС» 101201 бюджеттік сыныптама коды бойынша төлем мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 91, 92, 92-1-ші баптары бойынша 120 төлеуші «Ескерту» түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:

 -91-ші бапқа сәйкес БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы төлемегені үшін 70 салық төлеуші;

-92-ші бап бойынша МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлемегені үшін 26 салық төлеуші;

- 92-1-ші бапқа сәйкес МӘМС-ке медициналық сақтандыруға міндетті аударымдарды уақтылы төлемегені үшін -24 салық төлеуші.

Дата публикации
17 сентября 2026