Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сәйкестікті бағалау қағидалары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығымен белгіленген тәртіппен жүргізілетінін хабарлайды. Сәйкестікті бағалау – техникалық реттеу объектісіне қойылатын талаптардың сақталуын тікелей немесе жанама айқындау. Өнімді сертификаттау рәсімі техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) өтініш берушінің СӨО-ға Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау жүргізуге өтінімді (бұдан әрі – өтінім) беруі;

2) СӨО-ның өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге қарауы және ол бойынша, соның ішінде өтініш беруші таңдаған өнімді сертификаттау схемасы негізінде өнімді сертификаттау схемасын бекіту туралы шешім қабылдауы;

3) сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге шарт жасасу;

4) сәйкестендіру, үлгілерді іріктеу және оларды сынау;

5) өндірістің жай-күйіне талдау жүргізу;

6) нәтижелерді талдау, сәйкестік сертификатын беру туралы шешім қабылдау;

7) техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы техникалық реттеу тізілімінде сәйкестік сертификатын тіркеу;

8) сәйкестік сертификатын қалыптастыру және беру;

9) сертификатталған өнімге мерзімдік бағалауды жүзеге асыру;

10) сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат беру.

Дата публикации
14 сентября 2026