Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 146 бұйрығымен 2026 жылғы 21 сәуірден бастап алты ай мерзімге үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен көліктің барлық түрлерімен Қазақстан Республикасының аумағына жаңа сойылған тауық жұмыртқасын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 040721) әкелуге тыйым салынғанын хабарлайды. Бұл тыйым жаңа сойылған тауық жұмыртқасының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілуін қоспағанда қолданылады.