Жинақталмаған немесе бөлшектелген түрде, соның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарды кедендік декларациялаудың ерекшеліктері туралы

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің 190-бабында белгіленген тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне, экспорт кедендік рәсіміне, кедендік қойма кедендік рәсіміне, еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне, еркін қойма кедендік рәсіміне, реэкспорт кедендік рәсіміне және реимпорт кедендік рәсіміне орналастыру кезінде қолданылатынын хабарлайды. Тауарларды жіктеу туралы шешім алынғаннан кейін, тауардың бірінші компонентіне қатысты тауарларға арналған декларация берілгенге дейін декларант кеден органына уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша және тәртіппен тауар компоненттерінің жоспарланған жеткізілімдері туралы хабарлама ұсынады.

Белгіленген кезең ішінде жекелеген компоненттер түрінде ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жинақталмаған немесе бөлшектелген түрдегі, соның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тауар СЭҚ ТН-ге сәйкес кодты көрсете отырып, мұндай тауардың компоненттеріне қатысты бірнеше тауарларға арналған декларация беру арқылы декларациялануы мүмкін.

Дата публикации
14 сентября 2026