Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Кедендік тексеру мен кедендік қарап-тексеруді жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығымен белгіленген тәртіппен жүргізілетінін хабарлайды.Кедендік жете тексеруді жүргізу алдында уәкілетті лауазымды тұлға декларантқа немесе, егер бұл тұлғалар белгіенген болса, тауарларға қатысты өкілеттіліктері бар өзге тұлғаға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік жете тексеруді (қарап-тексеруді) жүргізу орнын және уақытын тағайындау туралы хабарламаны жолдайды.
Кедендік қарап-тексеру уәкілетті лауазымды тұлғамен тауарларды, жеке тұлғалардың багажын, көлік құралдарын, жүк ыдыстарын, кедендік пломбалар, мөрлер және тауарларды сәйкестендірудің өзге де құралдарын, көлік құралдарын ашпай және тауарлардың орамдарын бұзбай сырттай көзбен шолып қарау арқылы жүргізіледі.
Тауарларды кедендік қарап-тексеру, оларға қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тауарлар туралы мәліметтер алу және тексеру мақсатында, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк орындарында кедендік пломбалар, мөрлер және салынған сәйкестердіру құралдарының болуын тексеру мақсатында жүргізіледі.