Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 Шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 24 ақпандағы № 35 Шешімін хабарлайды. Осы шешіммен № 107 Шешімнің 3-қосымшасы келесі мазмұндағы жаңа 91) тармақшамен толықтырылды: 2022 жылғы 28 наурыздан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде ЕАЭО-ның кедендік аумағына кедендік алымдар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелінген, ЕАЭО СІФ ТН (ТН ВЭД) 8703 80 000 2 кодымен сыныпталатын электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарына иелік ету, пайдалану және билік ету құқықтарын Ресей Федерациясының азаматтығы бар және (немесе) Ресей Федерациясында тұрақты тұратын тұлғаларға беруге тыйым салынады.