Құрметті салық төлеушілер!

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасының 18 шілде 2025 жылғы «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ КОДЕКСЫ» Кодексінің (Салық Кодексі) 109-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарымен сот тәртібімен салық төлеушілерді мәжбүрлеп тарату үрдісі жүргізілетін хабарлайды.

Көрсетілген баптың шеңберінде, таратуға жататын салық төлеушілердің әрекеттері кредиторлар мен басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңдық мүдделеріне әсер етпеген жағдайда және келесі көрсетілген шарттарға сәйкес келген жағдайда, есептен шығарылады:

1) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ осы Кодекстің   65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен кем болмайтын мерзімде:

1) салықтық есептілікті дербес ұсынбаған; 

2) экспорттық-импорттық операциялар жасамаған; 

3) банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмаған; 

4) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған; 

5) басқа заңды тұлғаның басшысы және (немесе) құрылтайшысы, бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы болып табылмайтын; 

6) салықтық есептілік ұсынуды тоқтата тұрмаған; 

7) жеке тұлғаларға мүлік, көлік құралдары салығын, жер салығын салу объектілерін қоспағанда, меншік құқығында көрсетілген салықтарды салу объектілері жоқ; 

8) әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ; 

9) тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі жоқ салық төлеушінің қызметі мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылуға жатады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері: 

1) салықтық мониторингке жататын;  

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес қызметті жүзеге асыратын; 

3) камералдық бақылау нәтижелері, салықтық тексерулер бойынша бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған немесе түсініктеме беру арқылы орындалған хабарламасы бар салық төлеушіге – мұндай бұзушылықтар болған кезде; 

4) өзіне қатысты сот орындаушылары және (немесе) басқа да уәкілетті органдар шаралар (қамауға алу, шектеулер) қолданған; 

5) ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мақсаттары үшін валюталық бақылау рәсімдері аяқталмаған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың тарапы болып табылатын немесе болып табылған; 

6) талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған салық төлеушіге қолданылмайды. 

Мәжбүрлі түрде таратуға (есептік тіркеуден шығаруға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің түпкілікті тізбесі осы баптың көрсетілген мәліметтер алынған және кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштері (наразылықтары) болмаған жағдайда күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей қалыптастырылады.

Сәйкесінше, мемлекеттік кірістер органдарымен мәжбүрлеп таратуға жататын салық төлеушілердің тізімі, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің https://portal.kgd.gov.kz                            web – порталында, аймақтар бойынша департаменттер - Абай облысы қосымша бетінде, Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғаларға бөлімінде көрсетілгенін хабарлаймыз.

Дата публикации
22 апреля 2026