
Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу негіздерінің бірі ел азаматтарының мемлекеттік аппаратпен диалогының қазіргі заманғы нысанын қамтамасыз ету үшін халықтың декларация беру тетігін енгізу болып табылады.
Декларацияларды алынған кірістер мен әлеуметтік шығыстар бойынша қолданылатын салық шегерімдері туралы ақпарат көзі ретінде пайдалана отырып, мемлекет:
- бұл мәліметтерді талдайды;
- ел халқының қазіргі жағдайының егжей-тегжейлі көрінісін көреді;
- халықтың әлеуметтік осал топтарын анықтайды;
- мемлекеттік қолдау саясатын саралап, түзетеді.