КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТАН ТЫС ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация Комитеті кәмелетке толмағандар арасында дәрілік заттарды медициналық мақсаттан тыс пайдаланудың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Дәрілік препараттарды, оның ішінде «Корвалол» препаратын масаңдық әсер алу мақсатында медициналық мақсаттан тыс пайдалану балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен өміріне елеулі қауіп төндіруі мүмкін.
Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Департамент дәріхана ұйымдарының басшылары мен фармацевтика қызметкерлерінің назарын төмендегі талаптарды орындау қажеттігіне аударады:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларының 3-тарауының 16-2-тармағына сәйкес балаларға дәрілік заттарды босатуға жол берілмейді.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу фармацевтикалық қызметкерлердің хабардарлығын арттыруға, дәрілік заттарды медициналық мақсаттан тыс пайдаланудың алдын алуға және балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғауға бағытталған.