Халықты сапалы, тиімді дәрілік заттармен қамтамасыз ету және оларды бақылаусыз қолданудан туындайтын қауіптердің алдын алу – еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің басты міндеттерінің бірі.
Емнің қауіпсіз әрі тиімді болуы үшін дәрілік заттарды тағайындау және беру қағидаларын сақтау маңызды. Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, кейбір дәрілік заттарды дәрігердің рецептісінсіз сатып алуға болады, ал басқалары тек рецепт арқылы беріледі.
Рецептпен берілетін дәрілік заттарға бактерияға қарсы, гормондық және басқа да препараттар жатады. Оларды қолдану үшін медициналық көрсетілімдер болуы және медицина мамандарының бақылауы қажет.
Дәрілік заттарды дұрыс қолданбау немесе бақылаусыз қабылдау денсаулыққа зиян келтіріп, жанама әсерлерге, препараттардың бір-бірімен жағымсыз әсерлесуіне және түрлі асқынуларға әкелуі мүмкін. Әсіресе антибиотиктерді бақылаусыз қолдану қауіпті. Бұл микроорганизмдердің бактерияға қарсы препараттарға төзімділігін арттырып,жұқпалы ауруларды емдеу тиімділігін төмендетеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің аумақтық департаменттері фармация нарығына қатысушылар арасында рецептпен берілетін дәрілік заттарды босату қағидаларын тұрақты түрде түсіндіріп отырады. Бұл ретте заң талаптарының сақталуына және дәріханаларда мұндай дәрілік заттардың тиісті рецептісіз берілмеуіне ерекше назар аударылады.
Түсіндіру жұмыстарымен қатар, дәріханаларда дәрілік заттарды сату талаптарының сақталуы да тексеріледі. 2026 жылдың 9 айында дәрілерді рецептісіз сату фактілері бойынша 79 әкімшілік хаттама толтырылды. Хаттамаларда көрсетілген жалпы сома 17,2 млн теңгені құрады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, рецептпен берілетін дәрілік заттарды дәріханадан тек белгіленген тәртіппен рәсімделген рецепт болған жағдайда ғана алуға болады.
Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі. Медицина қызметкерлері өз құзыреті шегінде және тиісті медициналық көрсетілімдер болған жағдайда белгіленген талаптарды сақтай отырып, қағаз және (немесе) электронды түрде рецепт жазады.
Медицина қызметкерлері дәрілік заттарды тағайындау кезінде тиісті құжаттарды дұрыс рәсімдеуге, ал дәріхана қызметкерлері дәрілерді босатудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті. Бұл талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті дәріхана басшылары мен қызметкерлеріне рецептпен берілетін дәрілік заттарды босатудың белгіленген қағидаларын қатаң сақтауды ұсынады.
Ал азаматтарға өзін-өзі емдеуден аулақ болып, рецептпен берілетін дәрілік заттарды тек дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдау және оның ұсынымдарын орындау ұсынылады. Дәрілік заттарды дұрыс қолдану денсаулыққа зиян келтіру қаупін азайтып, емнің тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Дәрілік заттарды тіркеу, сараптамадан өткізу және өндіруші бағасын тіркеу рәсімдері бір қызмет аясында біріктірілді. Қызмет көрсету мерзімі 100 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Ал белгіленген талаптарға сәйкес келетін жекелеген препараттарды 15 жұмыс күніне дейінгі жеделдетілген тәртіппен тіркеуге болады.
Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған «Бір терезе» қағидаты бойынша композитті мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жоба жалғасуда.
Жобаның негізгі мақсаты – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу рәсімдерін жеңілдету, құжаттарды қарау мерзімдерін қысқарту және оларды нарыққа шығаруды жеделдету.
Жаңа тәсіл аясында бұрын жеке-жеке жүргізілген бірнеше рәсім бір мемлекеттік қызметке біріктірілді. Олардың қатарында сараптама жүргізу, мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу, өндірушінің бағасын тіркеу, сондай-ақ Қазақстан ұлттық дәрілік формулярын (ҚҰДФ) қалыптастыру үшін кәсіби сараптама жүргізу.
Бұрын өндірушілер дәрілік затты нарыққа шығару үшін бірнеше кезеңнен өтуі керек болатын. Олардың ішінде препараттың сараптамасы, мемлекеттік тіркеу және өндіруші бағасын тіркеу рәсімдері бар. Барлық кезеңдерге шамамен 320 күндейуақыт кететін
Қазір бұл рәсімдер бір композитті мемлекеттік қызмет аясында жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде қызмет көрсету мерзімі 100 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
Маңызды өзгерістердің бірі – дәрілік зат өндірушісінің бағасын тіркеу рәсімінің препаратты нарыққа шығару процесіне енгізілуі.
Енді өтініш берушілер тіркеу құжаттары мен баға ұсыныстарын тиісті ақпараттық портал арқылы бір мезгілде ұсына алады. Бұл рәсімдерді бірінен соң бірін өтудің қажеттілігін азайтып, өтініш берушілер мен мемлекеттік сараптама ұйымы арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетеді.
Өндірушінің бағасы тіркелгеннен кейін шекті көтерме және бөлшек сауда үстеме бағаларын автоматты түрде есептеу көзделген. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйелері шеңберінде қолданылатын дәрілік заттарға да қатысты. Есептеу қолданыстағы қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
Сараптама жүргізу және бағаны тіркеу мемлекеттік сараптама ұйымының бекітілген прейскурантына сәйкес шарт негізінде жүзеге асырылады. Төлем композиттік мемлекеттік қызмет аяқталғанға дейін жүргізіледі.
Осылайша, рәсімдерді бір қызметке біріктіру процестердің ашықтығын арттыруға, өтініш берушілердің әкімшілік жүктемесін азайтуға және қызмет көрсету мерзімдерін нақты жоспарлауға мүмкіндік береді.
Белгіленген талаптарға сәйкес келетін және халықаралық деңгейде мойындалған реттеуші органдар мақұлдаған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін жеделдетілген тіркеу тәртібі қарастырылған.
Оларға АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA), Еуропалық дәрілік заттар агенттігі (EMA), сондай-ақ Ұлыбритания мен Жапонияның тиісті реттеуші органдары мақұлдаған препараттар жатады.
Қолданыстағы рәсімдерге байланысты мұндай препараттарды тіркеу мерзімі бағаны реттеудің тиісті кезеңдерін қоса алғанда, 15 жұмыс күніне дейін болуы мүмкін.
Жеделдетілген тәртіп заманауи дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Бұл ретте олардың сапасына, қауіпсіздігіне және тиімділігіне қойылатын талаптар сақталады.
Пилоттық жоба аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеуге арналған өтінімдерді, сондай-ақ дәрілік заттардың бағасын тіркеу туралы өтініштерді қарау жұмыстары жалғасуда.
Дәрілік заттарды тіркеу бойынша «Бір терезе» қызметі аясында сараптамаға 44 өтінім түсті. Оның 27-сі қаралу үстінде, соның ішінде 3 өтінім 15 күндік рәсім бойынша қаралуда. 10 өтінім бойынша бас тарту туралы шешім қабылданды. 7 өтінім бойынша тіркеу куәліктері берілді. Олардың барлығы 15 күндік рәсім аясында рәсімделді.
Медициналық бұйымдарды тіркеу бойынша 45 өтінім түсті. Оның 40-ы қаралу үстінде, соның ішінде 9 өтінім 15 күндік рәсім бойынша қаралуда. 5 өтінім бойынша тіркеу куәліктері берілді, оның 4-еуі жеделдетілген тәртіппен рәсімделді.
Дәрілік заттардың бағасын тіркеу бойынша 2026 жылы 126 өтініш түсті. Оның 63-і бойынша бағаны тіркеу туралы қорытынды берілді, 62-сі бойынша бас тарту туралы шешім қабылданды. Тағы 1 өтініш қаралу үстінде.
Бұл көрсеткіштер пилоттық жобаның іске асырылу барысын және «Бір терезе» тетігінің іс жүзінде қолданылып жатқанын көрсетеді. Белгіленген талаптарға сәйкес келетін өтінімдер үшін жеделдетілген рәсімдерді қолдану қарау мерзімдерін қысқартуға және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нарыққа шығаруды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Пилоттық жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығы негізінде жүзеге асырылуда.
Жобаның қолданылу мерзімі 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Жоба қорытындысы бойынша жаңа тәсілдің тиімділігі бағаланып, композиттік мемлекеттік қызметті тұрақты негізде енгізу жөніндегі келесі қадамдар айқындалады.
«Бір терезе» жобасын іске асыру Қазақстандағы фармацевтикалық реттеуді цифрландыру бағыттарының бірі болып табылады. Рәсімдерді бір қызмет аясында біріктіру әкімшілік кедергілерді азайтуға, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нарыққа уақтылы шығаруға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
«Бір терезе» ақпараттық жүйесіне eo.ehealth.kz сілтемесі арқылы өтіп, қызметті пайдалануға болады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті фармацевтикалық нарыққа қатысушылар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін, ашықтығын және қолайлылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Жедел респираторлық вирусты инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау ауруларының маусымды өршуі кезінде тұрғын халыққа профилактикалық шараларды сақтау, медициналық көмекке уақытылы жүгіну және дәрілік заттарды дұрыс қолдану ұсынылады.
Үйдегі дәрі қобдишасында не болуы керек?
Дене қызуы көтерілу, бас және бұлшық ет ауыру, мұрын бітелу және ЖРВИ-дің басқа да белгілері болған кезде симптоматикалық көмек көрсету үшін үйдегі дәрі қобдишасында мынадай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар болғаны дұрыс:
Дәрінің бағасын қайдан тексеруге болады?
Дәрілік затты сатып алмас бұрын оның құны туралы ақпаратты «Нақты өнім» және «Дәрі KZ» ақпараттық ресурстарынан тексеруге болады.
Бір дәрілік заттың бағасын басқа дәріханалардан да қарап, салыстырыңыз.
Дәрілік препараттарды таңдаған кезде, сауда атауына ғана емес, ең алдымен, халықаралық патенттелмеген атауына (ХПА), мөлшеріне (дозасына), қолдануға болатын көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдеріне назар аудару қажет.
Вирусқа қарсы препараттарды өз бетінше қабылдауға бола ма?
Рецепт бойынша босатылатын вирусқа қарсы препараттарды өз бетінше сатып алып, қабылдауға болмайды.
Вирусқа қарсы ем тағайындау туралы шешімді медицина қызметкері аурудың клиникалық көрінісін, пациенттің жасын, қауіп факторларының бар-жоғын және аурудың ауырлық дәрежесін ескере отырып қабылдайды.
Тұмау және ЖРВИ кезінде антибиотиктерді қабылдауға бола ма?
Антибиотиктер тұмау мен ЖРВИ жағдайларында көбіне әсер етпейді.
Антибиотиктерді өз бетінше қабылдау микроорганизмдердің бактерияға қарсы препараттарға төзімділігінің дамуына, жағымсыз реакцияларға және басқа да асқынуларға әкелуі мүмкін.
Бактерияға қарсы емді дәрігер тиісті медициналық көрсетілімдер болған жағдайда ғана, оның ішінде расталған немесе болжамды бактериялық асқынулар кезінде тағайындайды.
Бірнеше препаратты бір уақытта қабылдағанда неге назар аудару қажет?
Суық тию мен тұмауға қарсы препараттарды бір уақытта қабылдағанда, олардың құрамын мұқият зерделеу қажет. Кейбірінің құрамында парацетамол болуы мүмкін. Құрамында парацетамол бар препаратты парацетомолдың өзімен бір уақытта қабылдаса, ұсынылған дозадан асып кетуі мүмкін.
Медицина қызметкерімен кеңеспей, құрамында бірдей әсер етуші заты бар бірнеше дәріні бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Қазақстанда дәрілік заттар кімдерге тегін беріледі?
Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету медициналық көрсетілімдер бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына және диспансерлік бақылауда тұрған белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар пациенттерге денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілермен бекітілген тізбелер мен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде дәрілік препараттар, әдетте, медицина қызметкерінің тағайындауы және жазып берілген электрондық рецепт негізінде беріледі.
Стационарда емделу кезінде пациенттерге дәрілік заттар белгіленген тәртіпке сәйкес медициналық көмектің тиісті пакеті шеңберінде беріледі.
Дәрілік заттардың бағасы реттеле ме?
Қазақстанда дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу жүйесі қолданылады. Бұл ретте мемлекеттік реттеу барлық дәрілік препараттарға жүргізілмейді. Жекелеген дәрілік заттарға қатысты бағалар нарықтық тетіктерді ескере отырып қалыптастырылады.
Сондықтан бір әсер етуші заты бар препараттардың құны өндірушіге, саудалық атауына, дәрілік түріне, дозасына және дәріхана ұйымына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Қаражатты ұтымды пайдалану мақсатында тұрғын халыққа түрлі дәріхана ұйымдарындағы препараттардың құнын салыстыру және мүмкіндігінше дәрілік заттарды халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА) бойынша таңдау ұсынылады.
Дәрігерге қай кезде бару қажет?
ЖРВИ жеңіл түрде өткен жағдайда демалу, жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу және симптоматикалық ем жасау жеткілікті болуы мүмкін.
Медициналық көмек:
Кішкентай балаларға, егде жастағы адамдарға, жүкті әйелдерге және созылмалы аурулары бар адамдарға ерекше назар аудару қажет.
Негізгі ұсынымдар
Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу үшін:
Үйдегі дәрі қобдишасы үшін дәрілік заттардың көп мөлшерін сатып алудың қажеті жоқ. Көп жағдайда термометр, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда қызуды түсіретін дәрілердің бірі, мұрынды шаюға арналған құрал және регидратацияға арналған құралдың болуы жеткілікті.
Антибиотиктерді, рецепт бойынша босатылатын вирусқа қарсы және басқа да рецептуралық препараттарды тек медицина қызметкерінің тағайындауы бойынша қолдану қажет.
Біз дәрі-дәрмек бағасын реттеу ережелерін өзгерттік. Мақсат – дәріханалар мен дистрибьюторларды артық қағазбастылықтан арылтып, мемлекеттің бүкіл күшін шынымен маңызды препараттарды бақылауға бағыттау. Енді рецептпен сатылатын және құны 1 АЕК-тен аспайтын арзан дәрілер қатаң баға шектеуінен босатылды.
Бірақ бұл бақылау әлсіреді дегенді білдірмейді. Керісінше, бағаның сақталуын енді электронды жүйе үздіксіз қадағалап отыр. «Тауарларды таңбалау және қадағалау» жүйесі арқылы біз тамыз айының қорытындысы бойынша еліміздегі дәріхана бағаларына тексеріс жүргіздік.
Дәрі-дәрмектің 3 073 түріне жасалған электронды мониторинг нарықтың тұрақты екенін көрсетті:
Біз бұрынғыша зауыттардан әр таблетканың құнын келісімшарттармен және кедендік құжаттармен дәлелдеуді қатаң талап етеміз. Бағаны негізсіз өсірген дәріханалар ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша шара қолданылады
Кез келген дәріхана кассасы алдында сіз де дәрі-дәрмек бағасын тексере аласыз. Смартфоныңызға DariKZ немесе «Naqty Onim» қосымшаларын жүктеп алып, дәрінің қорабын сканерлеңіз. Егер түбіртек пен қосымшадағы баға сәйкес келмесе (дәріханада қымбат болса), сол жерде «шағымдану» батырмасын басыңыз немесе біздің өңірлік департаменттерге хабарласыңыз. Біз әрбір шағымды тексереміз.