Қорғанбай ауылының жергілікті өзін-өзі басқару мүшелері жиынының №2 хаттамасы

Қорғанбай ауылының  жергілікті өзін-өзі басқару мүшелері жиынының №2 хаттамасы

 

Қорғанбай ауылы                                                                                   30.06.2025ж.

                                                                                                                 сағ.15.00

 

 

        Жиынды Кеңгір селосы әкімінің міндетін атқарушы Дәмелі Меиржанқызы Дыбысова  ашып, жүргізіп отырды.

        Жиынға қатысқандар: Қорғанбай ауылының жергілікті өзін-өзі басқару қауымдастығының 18 мүшесі, ауыл тұрғындары «Кеңгір селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкеткерлері.

        Кеңгір селосы әкімінің міндетін атқарушы Д.М.Дыбысова, жиынның төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды.

        - қандай ұсыныс бар?

        Жиынның төрағалығына  Дәмелі Меиржанқызы Дыбысова, хатшылығына Сабит Ануарбекұлы Ермағанбетов   ұсынылды.

        - басқа ұсыныс бола ма?

        - дауыс берулеріңізді сұраймын.

«Қолдаушылар» -48, «Қарсы» - 0, «Қалыс қалғандар» - 0.

Бірауыздан қабылданды.

Жиынның төрағасы Р.Ш.Есмағанбетов күн тәртібімен таныстырды:

 

                                                       Күн тәртібі:

Қорғанбай ауылына көше  атауын беру туралы

 

Жиынды жүргізудің келесі уақыт тәртібі ұсынылады:

  1. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 15 минут.
  2. Сөйлеушілерге 5 минут.

Ұсынылған уақыт тәртібін кім қолдайды? Дауыс берулеріңізді сұраймын.

«Қолдаушылар»-48, «Қарсы»-0, «Қалыс қалғандар»-0.

Бірауыздан қабылданды.

        Жиының төрағасы  Д.М.Дыбысова, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанындағы «Әкімшілік –аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ бұлардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысымен және елді мекендердің құрамдас  бөліктеріне (көшелер, даңғылдар,шағын аудандар т.б.) атау беру оларды қайта атау туралы құжаттардың тізімімен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 28 ақпандағы № 17-388-5 тапсырмасымен таныстырылды:

  1. Өңірлерде кездесетін иделогиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту.
  2. Аталған жұмыстарды жүзеге асыру кезінде кісі аттарына мейлінше шектеу қою.

        Осыған байланысты, Қорғанбай ауылына көше беру үшін, Республикалық онамастика комиссиясы бекіткен жер-су атаулары талқыға ұсынылып,  көпшілік дауыспен «Бірлік»көшесі таңдалып алынды.

 

Басқа ұсыныстар болған жоқ. Дауысқа салуды ұсынамын.

«Қолдаушылар» - 48, «Қарсы»-0, «Қалыс қалғандар»-0.

 

ШЕШТІ:

        Жиналысқа қатысқан ауыл тұрғындары көпшілік дауыспен Қорғанбай ауылының  атауы жоқ көшелеріне «Бірлік» атауын беруді қолдады.

        Жиынның күн тәртібі толық қаралды. Күн тәртібі бойынша ескерту, басқа ұсыныстар болған жоқ.

 

 

        Жиын төрағасы                                                        Д.М.Дыбысова                                      

       

       Жиын хатшысы                                                         С.А.Ермағанбетов       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорғанбай ауылының жергілікті өзін-өзі басқару мүшелері жиынының №2 хаттамасы
Дата публикации
04 июля 2025