Кеңгір ауылы жергілікті өзін-өзі басқару мүшелері жиынының №1 хаттамасы

Кеңгір ауылы жергілікті өзін-өзі басқару мүшелері жиынының

                                             №1 хаттамасы

 

Кеңгір ауылы                                                                                 30.06.2025ж.

                                                                                                        сағ.11.00

 

 

        Жиынды Кеңгір селосы әкімінің міндетін атқарушы Д.М.Дыбысова ашып, жүргізіп отырды.

Жиынға қатысқандар: Кеңгір ауылының жергілікті өзін-өзі басқару қауымдастығының 24 мүшесі, ауыл тұрғындары «Кеңгір селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкеткерлері.

Кеңгір селосы әкімінің міндетін атқарушы  Д.М.Дыбысова, жиынның төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды.

-қандай ұсыныстарыңыз бар?

Жиынның төрағалығына  Дәмелі Меиржанқызы Дыбысова, хатшылығына Сабит Ануарбекұлы Ермағанбетов  ұсынылды.

-басқа ұсыныс бола ма?

- жоқ.

-дауыс берулеріңізді сұраймын.

 «Қолдаушылар»-78, «Қарсы»-0, «Қалыс қалғандар»-0.

Бірауыздан қабылданды.

Жиынның төрағасы Р.Ш.Есмағанбетов  күн тәртібімен таныстырды:

 

                                                       Күн тәртібінде:

Кеңгір селосының  «Молодежная»,  «Мира», «Школьная» көшелерін қазақша  қайта атау туралы

 

Жиынды  жүргізудің келесі уақыт тәртібі ұсынылады:

  1. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 15 минут.
  2. Сөйлеушілерге 5 минут.

Ұсынылған уақыт тәртібін кім қолдайды? Дауыс берулеріңізді сұраймын.

«Қолдаушылар»-78, «Қарсы»-0, «Қалыс қалғандар»-0.

Бірауыздан қабылданды.

          Жиының төрағасы  Д.М.Дыбысова, жиналғандарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанындағы «Әкімшілік –аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ бұлардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысымен және елді мекендердің құрамдас  бөліктеріне (көшелер, даңғылдар, шағын аудандар т.б.) атау беру оларды қайта атау туралы құжаттардың тізімімен, Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  2017 жылғы 28 ақпандағы № 17-388-5 тапсырмасымен таныстырды:

  1. Өңірлерде кездесетін иделогиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту.
  2. Аталған жұмыстарды жүзеге асыру кезінде кісі аттарына мейлінше шектеу қою.

        Осыған байланысты, Кеңгір селосының «Молодежная»,  «Мира», «Школьная» көшелерін қайта атау үшін, Республикалық онамастика комиссиясы бекіткен жер-су атаулары талқыға ұсынылып,  «Молодежная» көшесін – «Жібек жолы» көшесі, «Мира» көшесін – «Ұлы Дала» көшесі, «Школьная» көшесін – «Ыбырай Алтынсарин» көшесі деп көпшілік  дауыспен  таңдалып  алынды.

- қандай ұсыныстар бар?   Дауысқа салуды ұсынамын.

«Қолдаушылар»-78, «Қарсы»-0, «Қалыс қалғандар»-0.

 

Шешті:

        Жиналысқа қатысқан село тұрғындары көпшілік дауыспен Кеңгір селосының «Молодежная» көшесін – «Жібек жолы» көшесі, «Мира» көшесін – «Ұлы Дала» көшесі, «Школьная» көшесін – «Ыбырай Алтынсарин» көшесі деп қайта атауды қолдады.

Жиынның күн тәртібі толық қаралды. Күн тәртібі бойынша ескерту, басқа ұсыныстар болған жоқ.

 

 

Жиын       төрағасы                                                              Д.М.Дыбысова

 

Жиын       хатшысы                                                              С.А.Ермағанбетов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеңгір ауылы жергілікті өзін-өзі басқару мүшелері жиынының №1 хаттамасы
Дата публикации
04 июля 2025