Қорғанбай ауылының жергілікті өзін-өзі басқару мүшелері жиынының №2 хаттамасы
Қорғанбай ауылы 30.12.2024ж.
сағ.15.00
Жиынды Кеңгір селосының әкімі Р.Есмағанбетов ашып, жүргізіп отырды.
Жиынға қатысқандар: Қорғанбай ауылының жергілікті өзін-өзі басқару қауымдастығының 18 мүшесі, ауыл тұрғындары «Кеңгір селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкеткерлері.
Кеңгір селосының әкімі Қ.Жанпеисов, жиынның төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды.
Жиынның төрағалығына Рустем Шахмұранұлы Есмағанбетов, хатшылығына Дәмелі Меиржанқызы Дыбысова ұсынылды.
- Басқа ұсыныс бола ма?
-Жоқ.
- Дауыс берулеріңізді сұраймын.
«Қолдаушылар» -48, «Қарсы» - 0, «Қалыс қалғандар» - 0.
Бірауыздан қабылданды.
Жиынның төрағасы Р.Ш.Есмағанбетов күн тәртібімен таныстырды:
Күн тәртібі:
Жиынды жүргізудің келесі уақыт тәртібі ұсынылады:
Ұсынылған уақыт тәртібін кім қолдайды? Дауыс берулеріңізді сұраймын.
«Қолдаушылар»-30, «Қарсы»-0, «Қалыс қалғандар»-0.
Бірауыздан қабылданды.
Жиының төрағасы Р.Ш.Есмағанбетов, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанындағы «Әкімшілік –аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ бұлардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысымен және елді мекендердің құрамдас бөліктеріне (көшелер, даңғылдар,шағын аудандар т.б.) атау беру оларды қайта атау туралы құжаттардың тізімімен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 28 ақпандағы № 17-388-5 тапсырмасымен таныстырылды:
Осыған байланысты, Қорғанбай ауылының көшелеріне атау беру үшін, Республикалық онамастика комиссиясы бекіткен жер-су атаулары талқыға ұсынылып, атауы жоқ көшелеріне:
атауы көпшілік дауыспен таңдалып алынды.
-Қандай ұсыныстар бар? Дауысқа салуды ұсынамын.
«Қолдаушылар»-48, «Қарсы»-0, «Қалыс қалғандар»-0.
ШЕШІМ:
Қорғанбай ауылының көшелеріне төмендегі атау берілсін
1.«атауы жоқ» көшесі- «Достық»көшесі.
Жиынның күн тәртібі толық қаралды.
-Жиын бойынша ескерту, ұсыныстар бар ма? Жоқ.
Жиын төрағасы Р.Есмағанбетов
Жиын хатшысы Д.Дыбысова