Кеңгір ауылы жергілікті өзін-өзі басқару мүшелері жиынының №1 хаттамасы

Кеңгір ауылы жергілікті өзін-өзі басқару мүшелері жиынының

                                             №1 хаттамасы

 

Кеңгір ауылы                                                                                 30.12.2024ж.

                                                                                                        сағ.11.00

 

     Жиынды Кеңгір селосының әкімі Р.Ш.Есмағанбетов ашып, жүргізіп отырды.

     Жиынға қатысқандар: Кеңгір ауылының жергілікті өзін-өзі басқару қауымдастығының 24 мүшесі,ауыл тұрғындары «Кеңгір селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкеткерлері. 

     Кеңгір селосының әкімі Р.Ш.Есмағанбетов, жиынның төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды.

--Қандай ұсыныс бар?

     Жиынның төрағалығына  Рустем Шахмұранұлы Есмағанбетов, хатшылығына Дәмелі Меиржанқызы Дыбысова   ұсынылды.

-Басқа ұсыныс бола ма?

- Жоқ.

-Дауыс берулеріңізді сұраймын.

 «Қолдаушылар»-78, «Қарсы»-0, «Қалыс қалғандар»-0.

Бірауыздан қабылданды.

Жиынның төрағасы Р.Есмағанбетов  күн тәртібімен таныстырды:

 

                                                       Күн тәртібі:

  1. Кеңгір ауылы көшелеріне қазақша  атау беру.

 

Жиынды  жүргізудің келесі уақыт тәртібі ұсынылады:

  1. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 15 минут.
  2. Сөйлеушілерге 5 минут.

Ұсынылған уақыт тәртібін кім қолдайды? Дауыс берулеріңізді сұраймын.

«Қолдаушылар»-78, «Қарсы»-0, «Қалыс қалғандар»-0.

Бірауыздан қабылданды.

          Жиының төрағасы  Р.Есмағанбетов, жиналғандарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанындағы «Әкімшілік –аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ бұлардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысымен және елді мекендердің құрамдас  бөліктеріне (көшелер, даңғылдар, шағын аудандар т.б.) атау беру оларды қайта атау туралы құжаттардың тізімімен, Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  2017 жылғы 28 ақпандағы № 17-388-5 тапсырмасымен таныстырды:

  1. Өңірлерде кездесетін иделогиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту
  2. Аталған жұмыстарды жүзеге асыру кезінде кісі аттарына мейлінше шектеу қою.

Осыған байланысты, Кеңгір ауылы көшелеріне атау беру үшін, Республикалық онамастика комиссиясы бекіткен жер-су атаулары талқыға ұсынылып,  5 көшеге төмендегі  қазақша  атаулар:

  1. «Молодежная» көшесі – «Жастар» көшесі
  2. «Мира» көшесі – «Бейбітшілік» көшесі
  3. «Пушкина» көшесі – «Абай» көшесі
  4. «Школьная» көшесі – Ы.Алтынсарин

5.«Тимирязева» көшесі – «Тәуелсіздік»

атаулары көпшілік  дауыспен  таңдалып  алынды.

-Қандай ұсыныстар бар?   Дауысқа салуды ұсынамын.

«Қолдаушылар»-78, «Қарсы»-0, «Қалыс қалғандар»-0.

 

ШЕШІМ:

Кеңгір ауылының  бес  көшесіне төмендегі атаулар берілсін

  1.«Молодежная» көшесі – «Жастар» көшесі

  2.«Мира» көшесі – «Бейбитшілік» көшесі

  3.«Пушкина» көшесі – «Абай» көшесі

  4.«Школьная» көшесі – Ы.Алтынсарин

  5.«Тимирязева» көшесі – «Тәуелсіздік» көшесі

Жиынның күн тәртібі толық қаралды.

-Жиын бойынша ескерту, ұсыныстар бар ма? Жоқ.

 

 

Жиын       төрағасы                                                               Р.Ш.Есмағанбетов

 

Жиын       хатшысы                                                              Д.Дыбысова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 января 2025