«Жезқазған қаласы Кеңгір ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет Министірлігінде №32894 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Жезқазған қаласы Кеңгір ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Жезқазған қаласы Кеңгір ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Жезқазған қалалық мәслихатының 2022 жылғы 10 наурыздағы №16/136 "Жезқазған қаласы Кеңгір ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" шешімі күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

      Жезқазған қалалық  мәслихат төрағасы

Р.Қапарова

 

«Жезқазған қаласы Кеңгір ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»
Дата публикации
06 февраля 2024