Кеңгір ауылдық округінің көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

Бұған дейін дербес компьютері жоқ қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді алу үшін ХҚКО-ға баруға мәжбүр болған. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 70% - ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді.

         Мемлекеттік қызметтерді көрсету  әкімшілік ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы   ауыл тұрғындарына ұйымдастырылған.

          Сондай-ақ, ауыл әкімдігінің әкімшілік ғимаратында округ тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуы үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету»бұрышы  жабдықталған. Әкім аппаратының мамандары округ азаматтарына қандай да бір мемлекеттік қызметті алуда көмек көрсетеді, электрондық цифрлық қолтаңба алу аса сұранысқа ие болып табылады.

         2022 жылы  «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы негізінде  89 мемлекеттік қызмет алынды,  электрондық кілттер,  анықтамалар алу тағы сол сияқты қызмет түрлерін тұрғындар уақытылы алып отырады.

         2022 жылғы есепті кезеңде "Кеңгір ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметі бойынша 24 отбасына қызмет көрсетілді.

         "Е-лицензиялау" деректер базасы бойынша қызметтер бойынша рұқсат беру құжаттары бөлігінде жер қатынасы бағытында:

  1. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру";
  2. "Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру",
  3. "Объектілерді постулизациялау (құрылыстарды бұзу, Объектілерді кейіннен кәдеге жарату) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру"

Бұл бағытта 2022  жылы мемлекеттік  қызметтер көрсетілген  жоқ.

         Азаматтардың барлық  өтініштерін  қабылдау  және  өңдеу бірыңғай  Е-Өтініш платформасы  арқылы жүзеге асырылады. 2022 жылы 2 өтініш түсіп, толыққанды  жауаптары берілді.

         Оның ішінде Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану фактілері-0;

         Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтауы бойынша бұзушылықтардың орын алуы -0

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері -0

            Мемлекеттік қызмет көрсету фактілерінің болмауы құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда-0

         Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету фактілерінің болмауы-0

         Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бұзушылықтардың өзге де түрлерінің болмауы-0

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бұзушылықтардың орын алуы 0 .

2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерге шағымдар тіркелген жоқ.

   

   

Дата публикации
08 июня 2023