ЖЫЛЫСАЙ АУЫЛЫЛЫМЫЗДА «ҚЫЗЫРЛЫ ӨЛКЕ – КЕГЕНІМ!» АТТЫ МӘДЕНИЕТ КҮНІ ШАРАСЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ!
Жылысай ауылымызда ұлттық өнеріміз ұлықталып, руханиятымыз асқақтаған, мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз дәріптелген ерекше мерекелік шара өтті.
Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Ауылым – алтын бесігім» атты аудан, қала мәдениет күндері байқауы аясында Кеген ауданының «Қызырлы өлке – Кегенім!» атты мәдениет күні ауылымыздың мәдениет үйінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
✨ Өнер мен руханият тоғысқан тағылымды шара туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, өнерпаздарымыздың шығармашылығын танытуға және ел ішіндегі мәдени байланысты нығайтуға зор мүмкіндік берді.
Мерекелік кешке аудан тұрғындары, өнерпаздар, мәдениет саласының өкілдері мен қадірлі қонақтар қатысып, ұлттық өнердің құдіретіне куә болды.
Кештің шымылдығы қазақтың күй өнерінің ұлы тұлғасы Құрманғазының «Адай» күйімен түріліп, көрермендерге ерекше рух пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Домбыраның күмбірлеген үні жүректерге жетіп, ұлттық өнеріміздің мәңгілік құндылығын тағы бір мәрте айшықтады.
🎶 Мәдениет күні – ұлттың рухын көтеріп, өнердің өрісін кеңейтетін мереке!
Шара барысында Кеген ауданы өңірінің бай мәдени мұрасы, ұлттық өнері, салт-дәстүрі мен рухани құндылықтары кеңінен насихатталды. Аудандардың шығармашылық әлеуеті таныстырылып, өнерпаздардың таланты мен шеберлігі көрермен қауымға ұсынылды.
Мәдени бағдарлама аясында күй мен дәстүрлі ән, жыр мен терме, ұлттық би, эстрадалық ән және театр өнерінің үздік үлгілері сахналанып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әрбір өнер көрсетілімінен ұлттық болмысымыздың бояуы, туған жерге деген құрмет пен өнерге деген шынайы сүйіспеншілік сезілді.
Сахна төрінде Кеген аудандық ұлт аспаптар оркестрі, «Ереуіл» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Кеген» халық театры, «Көркем-ай» би тобы, Қарқара мен Кеген ата-әжелер ансамбльдері және өзге де өнер ұжымдары өнер көрсетіп, мерекенің сәнін келтірді.
Әрбір ұжымның өнері көрермен көңілінен шығып, ұлттық өнеріміздің байлығы мен әсемдігін айқын көрсетті. Әсіресе, атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрлі өнердің сахна төрінде жаңғыруы көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
🌸 Жылысай – берекесі мен бірлігі жарасқан, өнерді бағалап, дәстүрді құрметтеген ауыл!
Ауылымызда осындай тағылымы мол мәдени шараның өтуі – тұрғындар үшін үлкен қуаныш әрі рухани мереке. Өйткені мәдениет – халықтың жаны, өнер – ұлттың асыл қазынасы, ал салт-дәстүр – ұрпақтар сабақтастығының алтын көпірі.
Осындай игі шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарға деген құрмет сіңіп, туған жерге деген мақтаныш сезімі арта түседі. Өнер арқылы елдің бірлігі нығайып, халықтың рухы асқақтайды.
Кегеннің қасиетті топырағынан нәр алған өнерпаздардың өнері мен шығармашылығы аудан мәдениетінің биік деңгейін танытып, өңіріміздің рухани байлығын тағы бір мәрте паш етті.
«Қызырлы өлке – Кегенім!» атты мәдениет күні – тек өнер мерекесі ғана емес, туған жердің қадірін ұғындыратын, ұлттық мұраны ұлықтайтын, елді бірлік пен ізгілікке үндейтін тағылымды басқосу болды.
Осындай мазмұнды мәдени шараны ұйымдастырып, ұлттық өнеріміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген барша ұйымдастырушыларға, мәдениет саласының қызметкерлеріне, өнерпаздарға және шараға қатысқан барша қонақтарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Өнеріміз өркендеп, мәдениетіміз мәңгі жасай берсін! Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, салт-дәстүріміз ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін!
Жылысай ауылымыздың мерейі үстем, берекесі мол, бірлігі бекем болсын! Қасиетті Кеген өңірінің өнері асқақтап, абыройы арта берсін!
Ауыл тұрғындарын сапалы әрі таза ауыз сумен қамтамасыз ету — біз үшін басты міндеттердің бірі. Осы орайда, ауылдық округ әкімдігі мен белсенді ауыл тұрғындарының бірлесуімен ауыз су жүйесін тазалау және су құбырларын қайта қосу жұмыстары сәтті жүргізілді.
🛠 Атқарылған жұмыстар:
Су құбырлары мен су сақтау қоймалары (резервуарлар) толық тазаланып, дезинфекцияланды;
Су жүйесінің ақаулары тексеріліп, техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілді;
Тазаланған ауыз су жүйесі қайта іске қосылып, тұрғындарға берілді.
🤝 Өз ауылымыздың игілігі мен тазалығы үшін уақыт бөліп, жұмыстың басы-қасында болған, белсене атсалысқан барша ауыл тұрғындарына, азаматтарға шексіз алғысымызды білдіреміз!
Ел бірлігі мен ынтымағы бар жерде әрқашан береке болады. Ауылдастарымызды суды үнемді әрі ұқыпты пайдалануға шақырамыз! 🌊
Ауылымыздың мәдени өмірін жандандыру және тұрғындарымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында Жылысай ауылдық мәдениет үйінде арнайы фильм және мультфильм көрсетілімдері ұйымдастырылды.
🎈 Күндізгі уақытта: Ең кішкентай көрермендеріміз — балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары үшін арнайы мультфильм қойылды. Балалар қызықты кейіпкерлердің бастан кешкен оқиғамаларына куә болып, мәдениет үйінің ішін шат күлкіге толтырды. Балақайларға танымдық әрі қызықты уақыт сыйлау — біз үшін үлкен қуаныш!
🌙 Кешкі уақытта: Ауыл үлкендері мен тұрғындары үшін арнайы кешкі фильм көрсетілімі өтті. Ауылдастарымыз бір мезгіл күнделікті тіршіліктен демалып, рухани азық алып, бір-бірімен дидарласып, әсерлі кеш өткізді.
✨ Өнер мен мәдениетті жанына серік еткен Жылысай жұртшылығына және шараға белсене қатысқан барша көрермендерімізге алғыс білдіреміз!
Алдағы уақытта да осындай қызықты әрі мағыналы іс-шаралар өз жалғасын табады. Мәдениет үйіміздің есігі әрқашан сіздер үшін ашық!
1-қаза Қарттар күні мерекесіне орай Жылысай ауылында ауылдық округ әкім аппаратының және ауылымыздың азаматтарымен ұйымдастырылған «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік шара атап өтілді. Айтулы кешке аудан басшылары арнайы келіп, ауылымыздың үлкен кісілерін құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді.
Өмірлік қазынамыз — қарттарымыз аман болсын! Бүгін — 1 қазан, Халықаралық қарттар күні. Бұл — ұрпағына жол көрсетіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп жүрген аға буын өкілдеріне шексіз құрмет білдіретін ерекше күн.
«Қариясы бар үйдің — қазынасы бар» демекші, әрбір шаңырақтың берекесі мен ырысы — ақылшы аталарымыз пен мейірімді әжелеріміз. Олардың ақ батасы, жылы сөзі мен даналығы — біздің өмірдегі ең үлкен тұмарымыз. Ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымызға шексіз құрметіміз бен ыстық ықыласымызды білдіреміз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз бен өнегелі жолдарыңыз – кейінгі ұрпаққа үлгі.
Бүгінгі мерекеде барша ардагерлеріміз бен қарияларымызға:
Зор денсаулық мен ұзақ ғұмыр;
Отбасының ынтымағы мен немере-шөберенің қызығын;
Жүрек жылуы мен жақындарының ыстық ықыласын тілейміз!
Жүздеріңізден күлкі, төріңізден береке кетпесін, асыл қазыналарымыз!
Шара барысында Алматы облысы Жамбыл атындағы филармониясының өнерпаздары өнер көрсетіп, әсем әндерімен қонақтардың көңілін көтеріп, мерекенің сәнін келтірді.Қарияларымыздың ақ батасы мен ақ тілегі әрдайым ортамызды нұрландырып, ұрпақтар сабақтастығы жалғаса берсін. Ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарына амандық пен береке тілейміз.
Қарттар күніне орай ұйымдастырылған тағылымы мол шарамыздың тамаша өтуіне атсалысқан барша азаматтарға алғысымыз шексіз!
«Таза Қазақстан» акциясы: Жылысай ауылындағы тарихи тағзым мен тазалық жұмыстары
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен дәстүрлі «Таза бейсенбі» бастамасы аясында Жылысай ауылында маңызды әрі тағылымды қоғамдық іс-шара болып өтті.
Ауыл абаттандыруымен қатар, тарихи тағзымды ұштастырған бұл шарада Екінші дүниежүзілік соғыс және Тыл ардагерлеріне арналып қойылған ескерткіш аумағы толықтай ретке келтірілді. Ауыл тұрғындары мен белсенді азаматтар ел үшін от кешкен батыр бабалар мен еңбек майданының ардагерлеріне құрмет көрсетіп, тазалық жұмыстарына бірауыздан атсалысты.
Ескерткіш аумағын тазалау: Ескерткіш айналасы мен оған жанасатын аумақтар тұрмыстық қоқыстан, қуарған шөптер мен жапырақтардан толық тазартылды.
Сырлау және қалпына келтіру: Ескерткіштің шарбақтары, орындықтар мен сәндік элементтері жаңартылып, бояу-сырлау жұмыстары жүргізілді.
Санитариялық отау және абаттандыру: Ескерткіш маңындағы ағаштар мен бұталарға санитариялық шабу (отау) жасалып, пішінделді. Ағаш түптері әктеліп, гүлзарлар ретке келтірілді.
Батырларға тағзым — ұрпаққа міндет!
Өткенге құрметпен қарап, туған жердің тазалығын сақтау — әрбір жылысайлықтың азаматтық борышы. Ауылдың ажарын ашып, тарихи мұрамызды ұлықтауға үлес қосқан барша тұрғындарға алғыс білдіреміз!
«Жасыл ел» жастар жасағы — тазалық пен көркейтудің бастауында!
Ауылымызды көркейту, қоршаған ортаны таза ұстау және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қатысуымен кезекті тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Ел табиғатын қорғауды өздерінің азаматтық борышы деп санаған белсенді де жалынды жастар туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.
Қоғамдық орындарды тазалау: Елді мекендегі саябақтар, балалар және спорт алаңдары, сондай-ақ орталық көшелер тұрмыстық қоқыстардан арылтылды.
Көгалдандыру және абаттандыру: Жасылелдіктер ағаштар мен бұталарды ретке келтіріп, ағаш түптерін әктеу және гүлзарларды күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізді.
Қоқыстарды шығару: Жиналған қалдықтар сұрыпталып, арнайы белгіленген орындарға тасымалданды.
Еңбекқор әрі табиғатжанды жастарымызға алғыс білдіреміз!
Тазалық — саулық кепілі, ал таза ауыл — баршамыздың ортақ мақсатымыз. Ауылдың ажарын кіргізіп, табиғатын аялауға әрбір тұрғын атсалысуы тиіс!
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірімізде кезекті «Таза бейсенбі» тазалық акциясы ұйымдастырылып, ауқымды көркейту жұмыстары өтті. Таза бейсенбі және ағаштарды санитариялық отау жұмыстары жүргізілді
Туған жердің табиғатын аялау, қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың ортақ парызы.Шара барысында ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен белсенді жастар біркісідей атсалысып, көше бойлары мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартты.
Санитариялық тазалау: Көше жиектері, саябақтар, балалар ойын алаңдары мен қоғамдық демалыс орындары күрес-қоқыстан арылтылып, сұрыпталған қалдықтар арнайы полигонға шығарылды.
Ағаштарды санитариялық шабу (отау): Көше қозғалысына, электр желілеріне кедергі келтіретін, сондай-ақ қуарған және ауруға шалдыққан ағаш бұтақтары кесіліп, пішінделді. Бұл жұмыстар ағаштардың дұрыс өсуіне және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Абаттандыру: Ағаш түптері әктеліп, гүлзарлар мен жасыл орындар ретке келтірілді.
Тазалық табалдырықтан басталады!
Өзіміз тұратын ауламыз бен көшеміздің тазалығы – өз қолымызда. Қоршаған ортаны бірге қорғап, ауылымыздың көркіне бірге үлес қосайық!
1-ҚЫРКҮЙЕК — БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Жаңа оқу жылының басталуымен барша оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз! 📚✨
Білім — адам баласының болашаққа басқан ең сенімді қадамы. Бұл күн — білім шыңына сапар шегетін оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктердің, ал бірінші сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндер үшін мүлде жаңа әлемнің бастауы.
Бүгін — білім шыңына қадам басқан әрбір бала үшін ерекше, толқынысты күн! Майлы Орманов атындағы орта мектептебінде салтанатты жиын өтіп, 26 бүлдіршініміз алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, оқушы атанды!Бұл күн — олар үшін білім мен ғылым әлеміне, қызықты сабақтар мен жаңа достарға толы жаңа өмірдің бастауы.
Оқушыларға: Төзімділік, ізденімпаздық және оқуда тек жақсы бағалар тилейміз!
Ұстаздарға: Сабырлылық, сарқылмас қайрат және шәкірттеріңіздің жетістігіне қуанатын сәттер көп болсын!
Ата-аналарға: Балаларыңыздың биіктерді бағындыруына тілектеспіз!
Жаңа оқу жылы табысты әрі жемісті болсын! 🔔
Жылысай ауылында ауыл шаруашылығы саласын дамыту және егіс алқаптарын қорғау мақсатында маңызды жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта жалпы аумағы 150 гектарды құрайтын егіндік жер телімін қоршау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Жобаның басты мақсаты:
Егістікті төрт түлік малдың таптауынан аман сақтау;
Оның өнімділігін арттыру және шаруалардың еңбегін қорғау;
Өңірдегі егін шаруашылығын жүйелі дамыту.
Егіс даласын қоршау — егінді малдан қорғап қана қоймай, диқандарымыздың маңдай тер, маңғаз еңбегінің өтелуіне жасалған үлкен қадам. Жергілікті диқандардың жұмысын жеңілдетіп, алдағы өнім жинау науқанында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жылысай ауылында ауыл шаруашылығы саласын дамыту және егіс алқаптарын қорғау мақсатында маңызды жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта жалпы аумағы 150 гектарды құрайтын егіндік жер телімін қоршау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Жобаның басты мақсаты:
Егістікті төрт түлік малдың таптауынан аман сақтау;
Оның өнімділігін арттыру және шаруалардың еңбегін қорғау;
Өңірдегі егін шаруашылығын жүйелі дамыту.
Егіс даласын қоршау — егінді малдан қорғап қана қоймай, диқандарымыздың маңдай тер, маңғаз еңбегінің өтелуіне жасалған үлкен қадам. Жергілікті диқандардың жұмысын жеңілдетіп, алдағы өнім жинау науқанында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.