2025 сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Алматы облысы Кеген ауданының «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне                              ішкі талдау нәтижелері туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 Жылысай   ауылы                                                                      12.12.2025  жыл

КІРІСПЕ БӨЛІМ

Алматы облысы Кеген ауданы Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі – ауылдық округ әкімінің аппараты) ауылдық округ әкімінің «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2025 жылғы   08 желтоқсан                №32-ө-н/қ өкімінің  негізінде 2025 жылдың 08-12 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жалпы кезең 2025 жылғы 12 ай болып айқындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 Жарлығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидаларына» сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:

 

АППАРАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ:

 

Кеген ауданының «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты»  ММ-сі  өз қызметінде:

- ҚР «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңымен;

- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы;

- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен;

-«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен;

- «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі»;

- ҚР Азаматтық Кодексімен

- ҚР Жер Кодексімен

- ҚР Еңбек Кодексі

- Кеген ауданының «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесімен өз қызметін жүзеге асырады.

 

 

 

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:

        Негізгі қызмет бойынша шешімдердің есебі жарты жылдық сайын талдау үшін Еңбекшіқазақ ауданаралық Әділет басқармасына беріледі.   2025 жылдың 12 айында округ әкімі негізгі қызмет бойынша 8 шешім, 32 негізгі қызмет бойынша өкім және жеке құрам бойынша 12 өкім шығарды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша  Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты қызметкерлеріне «ескертулер» болған жоқ. Жеке құрам бойынша өкімдер және негізгі қызмет бойынша өкімдер "E-Qyzmet" ақпараттық  жүйесіне  өз мерзімінде енгізіліп отырды. Кеген ауданы прокурорының есепті кезеңде шешім мен өкімдердің күшін жою туралы наразылықтары болған жоқ.

 

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша:

         Е-өтініш ақпараттық жүйесіне 9-өтініш тіркелді. 7- өтініш  қағаз  түрінде  түсіп, тіркелді. 2 – сұрау салу. Е-өтініш ақпараттық жүйесіне келіп  түскен, тіркелген  хаттарға,  ұсыныстарға, өтініштерге  қолайлы  акт  қабылданып,  толықтай  қанағаттандырылды.

       Жеке қабылдау бойынша  35 өтініш. Оның ішінде: Жұмыспен қамту -18, грант, кредит мәселелері – 4, Тұрғын үй мәселелері - 5,   АСП-2, архивтік  анықтама – 2, өзге де-4. Толықтай түсіндіру жұмысы жүргізіліп, қанағаттандырылды.

       Аппарат қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркеу, уақытылы және сапалы орындау бойынша жауапты маман құрылымдық бөлімшенің  басшысы  Ташиева Гулдана Айтжановна бекітілген.

         Заңды тұлғадан түскен өтініш – 2,  толықтай  қанағаттандырылды

Кіріс құжаттары-42, Шығыс құжаттары -270.

Кеген ауданының «Жылысай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 01.01.2025-12.12.2024 аралығындағы құжаттар айналымы туралы  мәліметті  тоқсан сайын  кадр бөліміне  жіберіліп  отырды.

Аудан әкімінің және ауылдық округ әкімінің сайтына тұрғындар тарапынан өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.

 

 

 

 

3.Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша;

         «Жылысай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ  мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес  5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.  Көрсетілген қызметтер саны -4, барлығы-4.  

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде – 0.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту  орын алмады.

         Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына  шағым   келіп түспеді.                      

2025 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет реестріне сәйкес көрсетілген қызметтердің жалпы саны - 0.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат бар стендтер ілінген. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округте тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша округ әкімінің аппараты тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 1)тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушілер мен Мемлекеттік корпорация орналасқан жерлерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орналастыру арқылы ұсынылады.

Талдау барысында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында ақпарат тақтасы бар екендігі анықталды.

Ұсыныс: «Қазақстан Республикасының Жер Кодексі», «Мемлекеттік  қызмет  көрсету»  қағидалары  бойынша қызметкерлер арасында аудан деңгейінде  тиісті мекемелрді қатыстыра отырып семинар өткізу.

 

  1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы:

Есептік кезеңде округ әкімі аппаратының мамандары Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

Ұсыным: қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл кемінде жарты жылда бір рет уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анонимді сауалнама жүргізіледі.

 

 

  1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы:

2025 жылға арналған штаттық кестеге сәйкес Кеген ауданының «Жылысай  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің штат саны 5 адамды құрайды.

Округ әкімі аппаратының штат саны 5 бірлік, оның ішінде: Жылысай  ауылдық округінің әкімі – 1 бірлік, құрылымдық бөлімше басшысы – 1 бірлік, бас мамандар-3.

Талдау кезеңінде округ әкімі аппаратының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері мен Мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылықтар, сондай-ақ теріс қылықтар болған жоқ.

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.

Округ әкімі аппараты қызметкерлерінің қатарынан лауазымын төмендету фактілері болған жоқ.

Округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне демалыс беру бекітілген кестеге сәйкес және қатаң түрде мемлекеттік қызмет туралы Заңға және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметке азаматтарды қабылдауды аудандық кадрлар басқармасының бірыңғай қызметі жүзеге асырады.

Округ әкімінің аппаратында кадрлардың ауысуы жоқ.

         Есепті кезеңде мүдделер қақтығысы болған жоқ.

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі келесі құжаттарды ұсынамыз:

1) «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі»талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ аппарат қызметкерлері арасында өтініштерді қарау мәселелері бойынша семинар өткізуге;

2) тоқсанына 1 рет мамандармен Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын зерделеу бойынша семинарлар өткізу;

3) Ауылдық округ әкімінің аппараты алдағы қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға жол бермеу бойынша қажетті бақылау шараларын қабылдасын, аппарат қызметтік міндеттерін орындауға жауапты қызметкерлерінің арасында семинарлар өткізсін.

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

  1. Нұғман Алмасбек Нөкербанұлы Кеген аудандық маслихатының

                                                                           хатшысы

 

2.Алишев  Муратбек Скендирович                           Кеген ауданының «Жылысай

ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы

 

Таныстым:

 Масенов Руслан Кенесжанович                        Жылысай ауылдық округінің                   

                                                                                  әкімі

 

Дата публикации
15 декабря 2025