Құрметті Нұрбақыт Молдахметұлы!
Құрметті әріптестер!
Жылысай ауылдық округі 3 елді мекеннен тұрады. Жылысай, Мойнақ, Шыбышы. Халық саны-2148. Түтін саны -334. Жер көлемі– 43 362 га.
Салық түсімдері
Ауылдық округ бойынша жоспарға сәйкес түскен салық есебі:
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық – 219 000 тенгеге жоспарланса. Орындалғаны – 50 793 тенге.
Жер салығы- 41 000 тенгеге жоспарланса. Орындалғаны- 18 785 тенге.
Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық- 5 569 000 тенгеге жоспарланса. Орындалғаны – 5 042 503 тенге
Табыс салық- 1 816 000 тенгеге жоспарланса. Орындалғаны – 616 637 тенгені құрады
Бюджеттің орындалуы
«Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы қызметін қамтамасыз етуге 122 млн 266 мың теңге қаражат қаралып, кәзіргі уақытқа дейін 18 млн 197 мың теңге игерілді бюджет толығымен жыл соңына дейін игеріледі. Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында 2024 жылы көше жарық шамдарын орнатуға 14 млн 790 мың теңге қаралды, «Али Инвесть строй» ЖШС ұтып алып 1 млн 747 мың теңгеге Мойнақ ауылына, 1 мил 736 мың теңгеге Шыбышы ауылдарына көше жарық шамдарын орнатты. Балалар ойын алаңын салуға 20 млн қаралып, 11 млн 760 мыңға ИП «UniServis» Шыбышы ауылынан балалар ойын алаңын салып бастады, тазалық жұмыстарына 3 млн қаралды, бүгінгі күні 1 млн 111 мың теңгеге ИП «Димаш» ұтып алды, көгалдандыру жұмысына 3 мил қаралып, 1 млн 462 мың теңгеге ИП «Дастаева» ұтып алып, ағаш егу,қоршау жұмыстарын жасауда
Ауыл шаруашылығы саласы
Ауылдық округ бойынша жалпы жер көлемі – 43 362 га. Оның ішінде: егістік жер – 1778 га, шабындық жер – 2169 га, жайылымдық жер – 22 570 га.
Ауылдық округ бойынша мал басы: ірі қара – 3 046 бас, қой-ешкі – 19781 бас, жылқы – 2538 бас.
Ауылдық округте 117 шаруа қожалығы тіркелген.
Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына жанар -жағармайға сұраныс берілді.
«Мөлдір бұлақ» бағдарламасы бойынша ауылдық округтегі бұлақтардың көздері тазаланып, маңайын қоршау жұмыстары жүргізілді.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2024 жылы несие алуға құжаттарын дайндап жатқан азаматтар:
Қан алу, вакцина егу, жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық жұмыстар жоспар бойынша жүргізілді. 50 бас қаңғыбас иттер ауланып, өлтіріліп мал өлексесін тастайтын орынға тасталынды. Округ бойынша қой-ешкіден 8269 бас, ірі- қара малынан- 2236 бастан қан алынып, екпе жұмыстары жүргізіліп, 800 бас ірі қара малының төліне және 7000 бас ұсақ мүйізді мал төлдеріне сырға салынды.
Ауылдық округте бада кезегін шығару және жайлауға көшіру жұмыстары бойынша ауыл тұрғындары және шаруа қожалықтарымен жиын өткізілді. Елді мекенде 4 ұсақ малға, ірі – қара малы бойынша 2 бада кезегі ұйымдастырылды. Ауылдың ішінде қараусыз қаңғып жүрген малдарды қамап, жеке тұлғаларға айыппұл салынды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер
Жылысай ауылдық округі бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығына тұрақты жұмыс жоспар бойынша 5 айға 14 адам, орындалғаны 4 адам. Жаңа жұмыс орны бойынша жоспар 65, орындалғаны 2 жаңа жұмыс орны ашылды. Округте 2024 жыл бойынша 25 адам қоғамдық жұмысқа тіркеліп, 18 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Әлеуметтік жағдайы томен отбасыларға ұдайы көмек көрсетіледі.
Денсаулық саласы
Денсаулық сақтау мекемесінде 1 дәрігер, 7 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді 2024 жылы 5 бала дүниеге келді, сәби өлімі, ана өлімі орын алған жоқ. Туберкулезбен 2 адам есепте тұрады. 2 адамда округте тұрмайтындықтан әкімшілік тарапынан көмектер көрсетілмеді
Спорт және мәдениет саласы
Ауылдық округте ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелерге ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, түрлі мәдени-көпшілік шаралар үнемі ұйымдастырылып отырады. Жалпы ауылдық округ бойынша спорт саласында 8 шара ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайту және кешкі уақыттарын ұтымды өткізу үшін дене шынықтырумен айналысатын тұрғындардың санын көбейту мақсатында спорт түрлерінен сауықтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Барлық мерекелік іс -шаралар жоспары әзірленіп 13 шара өткізілді.
Құрметті Нұрбахыт Молдахметұлы!
Қазақстан Республикасының Перезидентінің Қазақстан халқына жолдауын басшылыққа ала отырып және жоғары тұрған органдардан келіп түскен тапсырмаларға сәйкес алдағы уақытта жұмыстар ұйымдастырамыз. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.
Тыңдағандарыңызға рахмет!