Ағымдағы жылдың 10 - сәуір күні «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2023 жылғы атқарылған жұмыстары жөнінде жария талқылау өткізілді.
Қазақсан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.
2. «Елді мекен шегінде объекті салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – мемлекеттік қызметі бойынша өтініш -0
3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.
4. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.
5. «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша өтініш тіркелмеді.
Халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен электронды қызметтерді танымал ету мақсатында «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сінде:
1.Кеген ауданы «Жылысай ауылдық әкімшілік аппараты» ММ-де 24 қаңтар 2023 жылы «Мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік қызмет алу тәртібі, қызметтерді электронды түрде алу» тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күніне 180 адам қатысты.
2. 27 қаңтар 2023 жылы М.Орманов атындағы орта мектебінде мемлекеттік қызметтер туралы дөңгелек стол өтті. Қамтылған адам саны-20
3. 01 ақпан 2023 жылы Мемлекеттік қызметтер туралы мағұлыматтар беру мақсатында 80 жуық кітапшалар таратылды.
4. 18 ақпан 2023 жылы Облыстық Райымбек газетіне «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер- өмір сапасы» тақырыбында материал жарияланды
5. 17 наурыз 2023 жылы «Балдырған» бөбекжай-балабақшасында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қамтылған адам саны- 30 адам
6. 17 сәуір 2023 жылы Жылысай ауылында мемлекеттік қызметтер туралы мағұлматтар беру мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 20 адам қатысты.
7. 25 сәуір 2023 жылы Округ әкімі Шыбышы ауылының тұрғындарымен мемлекеттік қызмет алу тәртібі, мемлекеттік қызметтер туралы мағұлмат беру мақсатнда ашық есік күнін өткізді. Шараға 30 адам қатысты
8. 28 сәуір 2023 жылы құрылымдық бөлімшенің басшысы Г.Ташиева 2022 жылы атқарылған мемлекеттік істер жөнінде баяндама- есеп жасады
9. 11 мамар 2023 жылы Жылысай ауылдық округінде мемлекеттік қызметтер туралы мағұлыматтар беру мақсатында кітапшалар таратылды. Жалпы саны 35 жуық кітіпша үлестірілді
10. 25 мамыр 2023 жылы Мемлекеттік қызметтер туралы мағұлыматтар беру мақсатында округтегі фельдшерлік амбулаторияда жәрмеңке өтті
11. 15 маусым 2023 жылы Округте мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктерімен қолайлылығы туралы кең түсініктер беру мақсатында брашуралар таратылды
12. 18 шілде 2023 жылы Мемлекеттік қызметтер туралы жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 30 адам ат салысты
13. 25 қыркүйек 2023 жылы Мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік қызметтер алу тәртібі, қызметтерді электронды түрде алу туралы ашық есік күні ұйымдастырылды
14. 27 қазан 2023 жылы Мемлекеттік қызметтер туралы мағұлыматтар беру мақсатында округтегі фельдшерлік амбулаторияда дөңгелек стөл ұйымдастырылды
15. 09 қараша 2023 жылы «Балдырған» бөбекжай-балабақшасында мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыру және алу жөнінде дөңгелек стөл өтті
16. 30 қараша 2023 жылы Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, қол жетімді ету мақсатында халыққа түсіндірме жұмысы жүргізіліп, брашуралар таратылды
17. 11 желтоқсан 2023 жылы М.Орманов атындағы орта мектебінде мемлекеттік қызметтер туралы жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге мұғалімдер мен бірге жоғары сынып оқушылары қатыстырылды.
Округ әкімі апаратындағы өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 2023 жылы 68 электрондық қызмет көрсетілді.
Халықты ақпараттандыру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, қағидалар жазылған стенд ілінген.
Қызметтерді уақытылы, әрі сапалы көрсету азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау шартының негізгі бағыты болып табылады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет бекітілген мерзімде көрсетілді, жеке және заңды тұлғалардың тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым келіп түспеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту орын алмады.