| Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулысымен бекітілген |
1. Осы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының атқарылуы туралы есептердің, елдің стратегиялық даму бағыттарымен өзара байланысты бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін бюджеттік мониторингтеу және талдау нәтижелерінің деректері, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігінің деректері есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 926 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
3. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп есепті қаржы жылындағы жүргізілген республикалық бюджеттің түсімдері және шығыстарын қаржыландыру жөніндегі барлық операцияларды көрсетеді.
Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген бюджеттердің көрсеткіштерін көрсетеді.
Түзетілген бюджет Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және өзге нормативтік құқықтық актілер негізінде бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджет көрсеткіштерінің өзгеруін ескереді.
Есепті қаржы жылындағы бюджет түсімдерінің атқарылу және (немесе) республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген міндеттемелер сомасының ауытқуы, пайыздық қатынасы түзетілген бюджетке есептеледі және тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепте және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепте көрсетіледі.
4. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды.
5. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қалыптастыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған бюджет құрылымы бойынша кассалық негізде, мың теңгемен жүзеге асырылады.