Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің
лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен
бекіту қағидаларына қосымша
НЫСАН
«Бекітілді»
Жылысай ауылдық округі
әкімінің
2022 жылғы 11 қаңтардағы
№1 ө-н/қ өкімімен
Лауазымдық нұсқаулық
«Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінің бас маман-есепшісі
(Е-G-3 санаты, индекс 25-02)
1.1. Жылысай ауылдық округінің әкімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заңы, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен және 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары және Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі міндетті.
1.2. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, аппараттың ережесі мен регламентін, аудан әкімінің бұйрықтарын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
1.3. Жылысай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман- есепшісі болмаған кезде оның лауазымдық нұсқаулығын ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман – салық инспекторына жүктеледі.
Лауазымдық міндетті атқару үшін әкімшілік мемлекетік қызметшіге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидалары» №20 бұйрығымен бекітілген қағидаларында белгіленген құқықтар беріледі, сонымен қатар мемлекеттiк қызметшiнiң:
2.1. Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2.2 Өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
2.3 Белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
2.4 Лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
2.5 Басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;
2.6 Жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;
2.7 Өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;
2.8 Тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;
2.9 Өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;
2.10 Бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;
2.11 Қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
2.12 Еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;
2.13 Әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
2.14 Мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;
2.15 Зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
2.16 Жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидалары» №20 бұйрығымен бекітілген қағидаларында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс:
3.1. Осы лауазымдық нұсқаулықпен көзделген лауазымдық міндеттерін уақыты және сапалы орындауына.
3.2. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпиялардың сақталуына.
3.3. Жылдық қаржыландыру жұмыс жоспары, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар және анықтамалар толтыру
3.4. Арнайы мемлекеттік және өзге де жәрдемақыларды төлемдер жасау
3.5. Негізгі құралдарды (ғимараттарды, құрылыстарды), өзге де мүліктерді есепке алу
3.6. Міндетті зейнетақы, медициналық сақтандыру жарналарын және әлеуметтік төлемдерді аудару бойынша қызметкерлердің тізімдері мен төлем тапсырмалары
3.7. Бір көзден сатып алу (тікелей сатып алу) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттар жасасу
3.8. Әкімшілік мемлекеттік қызметке өзіне жүктелген міндеттерді орындамағы және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілетігін асыра пайдаланғаны. Мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану туралы ережесіне сәйкес тәртіптік жазаға тартылады.
3.9. Жылжымайтын мүліктердің есебін жүргізу:
- қоғамдық ғимараттарға /клуб, әкімшілік үйі, бала-бақша, мектеп, емхана т.б./ мемлекеттік акт, техникалық құжаттарының жасалуын қадағалау,
- иесіз қалған ғимараттарға иелік етуге ықпал жасау.
3.10. Ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу реконструкциялау және жөндеу жұмыстары бойынша «Тапсырыс беруші» болады; конкурстық (тендерлік, аукциондық) комиссия отырысының хаттамасы және оларға қатысты құжаттарды жүзеге асыру.
3.11.Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге конкурс ұйымдастырушылар ұсынатын конкурстық (тендерлік, аукциондық) құжаттамаларын реттеп тапсыру.
3.12. Ауылдық округ әкімінің аппараты қызметкерлерінің еңбек демалыстарына шығу кестесін жасап, орындалуын қамтамасыз етіп отыру.
3.13. Ауылдық округ аумағында тиісті тендер өткізуге құжаттар әзірлеп жүзеге асыру.
3.14. Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман-салық инспекторы еңбек демалысына шыққанда, сырқаттанып қалғанда, іс - сапарға кеткенде міндетін уақытша бас маман есепші атқарады.
3.15. Өзіне бекітіліп берілген құрал-саймандардың дұрыс сақталуына жауап береді.
мекемесінің бас маман-есепшісінің жауаптылығы:
4.1. Мемлекеттік әкімшілік қызметші өзіне қойылған міндеттерді және жүктелген өкілеттіктерді ұйымдастыруға және орындауға, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтауға, оларды уақтылы, сапалы және тиісті орындамағаны және әр түрлі заңды жауаптылық тудыратындай бұзушылық және/немесе оларды сақтамағаны үшін дербес жауап береді.
Таныстым:
Кушкеева Гулшат Айдархановна ___________________