Бас маманның лауазымдық нұсқаулығы

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің

лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен

бекіту қағидаларына қосымша

НЫСАН

 

                                                                                «Бекітілді»

                                                                Жылысай ауылдық округі

                                                                әкімінің   2022 жылғы                        

                                                                11 қаңтардағы №1 ө-н/қ  

                                                                                         өкімімен

 

 

Лауазымдық нұсқаулық

«Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік

 мекемесінің бас маманы

(Е-G-3 санаты, индекс 25-04)

 

  1. Жалпы ережелер:

      1.1. Жылысай ауылдық округінің әкімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заңы, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы»  заңы, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы                                                        № 153 Жарлығымен және 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары және Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі міндетті.

1.2. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, аппараттың ережесі  мен регламентін, аудан әкімінің бұйрықтарын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

      1.3. Жылысай ауылдық округі әкімі аппаратының  бас  маманына   болмаған  кезде  оның  лауазымдық  нұсқаулығын  ауылдық округ әкімі  аппаратының    құрылымдық бөлімшенің басшысына жүктеледі.

     

 

  1. «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманының құқықтары:

Лауазымдық міндетті атқару үшін әкімшілік мемлекетік қызметшіге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабымен және Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидалары»          №20 бұйрығымен бекітілген қағидаларында белгіленген құқықтар беріледі, сонымен қатар мемлекеттiк қызметшiнiң: 

2.1. Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2.2 Өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

2.3 Белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;

2.4 Лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

2.5 Басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;

2.6 Жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;

2.7 Өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;

2.8 Тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;

2.9 Өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;

2.10 Бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;

2.11 Қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;

2.12 Еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;

2.13 Әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;

2.14 Мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;

2.15 Зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;

2.16 Жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

 

  1. «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманының міндеттері:

 

Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидалары» №20 бұйрығымен бекітілген қағидаларында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс:

     3.1. Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге,мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету. Аз қамтылған отбасылары мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру.

     3.2. Балаларға төленетін жәрдемақы түрлерін ( атаулы көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін және тұрғын үй жәрдемақысы) тағайындайды. Табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамту жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғыз басты қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады.

     3.3. Ауылдық  округ әкімі жанындағы жанұя  істері  және демографиялық саясат кеңесінің хаттамалары және оларға  құжаттар

     3.4. Сайлау жөнінде  құжаттарды реттеп, сайлаудың өтілуіне жауап береді

     3.5. Ономастика  саласы бойынша  құжаттар (көше атаулары, көшеге  ат беру, ескерткіштер т.б.)

     3.6. Округтегі өкілдер жиналыстарының жүргізу тәртібін даярлайды, шақырылғандардың тізімін даярлап, түгендейді, хаттамаларын жазады.

    3.7.  Шетелден  көшіп келген  азаматтармен  жұмыс.

    3.8. Қазақстан Республикасы  Президентінің Жолдауына байланысты атқарылған іс қағаздарды жинақтайды, жоғарғы органдарға хабарлама беріп отырады.

    3.9. Қоғамдық  кеңестердің және  жергілікті  атқарушы органдардың өзге де консультативтік-кеңесші органдары отырыстарының хаттамалары

    3.10. Ауылдық округ  әкімінің жанынан құрылған жер комиссиясының хаттамалары және  оларға құжаттар

    3.11.  Ақсақалдар алқасы  кеңесінің хаттамалары және  олардың   құжаттары

    3.12. Округ әкімдігіне келіп түскен құжаттар және  жіберілген шығыс құжаттарын қадағалап, тіркеп отырады.

    3.13. Ауылдық округтегі шаруа қожалықтарының есеп кітабын жүргізеді, статистикалық есептердің (ауыл шаруашылық жөнінде) мерзімінде тапсырылуын қамтамасыз етеді.

    3.14. Ауылдық округтегі мал -  құстың есебін жүргізеді 6Ж, 7Ж, 29 СХ,  2 СХ,  4 СХ, 6 Р, 7 Р статистикалық нысандарын даярлап өткізу.

    3.15. Жерді пайдалану жөнінде мемлекеттік бақылау және қорғауды жүзеге асыру, Аудан әкімдігі қаулыларына жер учаскелерін алу, беру және мақсатты пайдалану жөнінде ұсыныстар мен жобаларды  дайындау.Ауылшаруашылық саласындағы ресурстардың тиімді пайдалануыға бақылау жасау.

     3.16. Діни  экстремизм және  терроризмге қарсы құжаттарды жинақтайды

     3.17  Ауылдық округ  әкімі  аппаратының   құрылымдық бөлімше басшысы еңбек  демалысына     шыққанда, сырқаттанып қалғанда,  іс - сапарға кеткенде  міндетін уақытша атқарады

     3.18.  Өзіне  бекітіліп  берілген  құрал-саймандардың  дұрыс  сақталуына  жауап  береді.

 

  1. «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманының жауаптылығы:

4.1. Мемлекеттік әкімшілік қызметші өзіне қойылған міндеттерді және жүктелген өкілеттіктерді ұйымдастыруға және орындауға, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтауға, оларды уақтылы, сапалы және тиісті орындамағаны және әр түрлі заңды жауаптылық тудыратындай бұзушылық және/немесе оларды сақтамағаны үшін дербес жауап береді.

 

 

                Таныстым:                 

                   Имерзаев Құрманжан Әділжанұлы  _______________  

Дата публикации
29 сентября 2023