Құрылымдық бөлімшенің басшысының лауазымдық нұсқаулығы

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің

лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен

бекіту қағидаларына қосымша

НЫСАН

 

                                                                    «Бекітілді»

                                        Жылысай ауылдық округі  әкімінің

                                          2022 жылғы 11 қаңтардағы     

                                                  №1 ө-н/қ өкімімен

 

 

Лауазымдық нұсқаулық

«Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесінің құрылымдық бөлімшенің басшысы

(Е-G-2 санаты, индекс 25-01)

 

  1. Жалпы ережелер:

1.1. Жылысай ауылдық округінің әкімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заңы, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы»  заңы, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы                                                        № 153 Жарлығымен және 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары және Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі міндетті.

          1.2. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, аппараттың ережесі  мен регламентін, аудан әкімінің бұйрықтарын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

           1.3. Жылысай ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшенің басшысы  болмаған  кезде  оның  лауазымдық  нұсқаулығын  ауылдық округ әкімі  аппаратының    бас  маманына   жүктеледі.

 

  1. «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесінің басшысының құқықтары:

       Лауазымдық міндетті атқару үшін әкімшілік мемлекетік қызметшіге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабымен және Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидалары»          №20 бұйрығымен бекітілген қағидаларында белгіленген құқықтар беріледі, сонымен қатар мемлекеттiк қызметшiнiң: 

2.1. Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2.2 Өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

2.3 Белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;

2.4 Лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

2.5 Басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;

2.6 Жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;

2.7 Өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;

2.8 Тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;

2.9 Өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;

2.10 Бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;

2.11 Қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;

2.12 Еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;

2.13 Әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;

2.14 Мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;

2.15 Зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;

2.16 Жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

 

  1. «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік

  мекемесінің құрылымдық бөлімшенің басшысының міндеттері:

Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидалары» №20 бұйрығымен бекітілген қағидаларында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс:

     3.1. Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының  10 бабында белгіленген міндеттерді және төменгі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс.

    3.2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкімет актілерінің, облыс, аудан және округ әкімдерінің шешімдерін, өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

     3.3. Облыс, аудан әкімі аппаратынан, басқа да жоғары органдардан келіп түскен құжаттарды тіркеп, орындалуын қадағалайды және жіберілген хат –хаттамаларды жинақтайды.

    3.4. Округ әкімінің шешімдері мен өкімдерін тіркеп, кіріске алып отырады.

    3.5. Округ әкімінің әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабын жүргізеді.

    3.6. Аппараттың жұмысын жоспарлауға, азаматтар өкілдерінің бас қосулары мен жиналыстарын жүргізуге жауап береді. Олардың хаттамаларын жүргізуге басшылық жасайды.

    3.7. Округ әкімінің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарын жасап, оның орындалуын қадағалайды.

    3.8. Округ әкімі аппараты жиналысының, жалпы жұртшылық, өкілдер жиналыстарының күн тәртібін жоспарлап өткізеді.

    3.9. Жыл бойындағы даталы мерекелік күндерді атап өтуді ұйымдастырып, мәдени шаралар жасап, басшылық жасайды.

   3.10. Округ аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен байланысты жүзеге асырып, олардың қызметін үйлестіреді.

   3.11. Кадр құжаттарының жүргізілуіне жауап береді.

   3.12. Номенклатуралық іс қағаздарының жүргізілуін қадағалап отырады.

   3.13. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және оны қарау жөніндегі журналдарын жүргізеді.

   3.14. Азаматтарға анықтамалар береді.

   3.15. Ведомствалық  мұрағат жұмысын ұйымдастырады.

   3.16. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген  баспа-бланк (Шешім, Өкім, Хат бланкілері) өнімдерін есепке алу, беру журналдарын  және  бүлінген  немесе  пайдаланылмаған  даналарын  жою  туралы  құжаттарды  жүргізеді.  

   3.17. Қазақстан  Республикасының  Елтаңбасы бейнеленген мөр  мен мөртабанды өткізіп алу мен  беруді  тіркеуді  жүргізеді.

   3.18. Мөр мен мөр табаннның сақталуына жауап береді.

   3.19. Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер. Өзіне өзі қызмет  ету бұрышын ұйымдастыру. Электронды анықтамалар беру. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тікелей ұсынады.

   3.20. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы                                   ҚР «Мемлекеттік наградалары туралы» заңына сәйкес көп балалы аналардың құжаттарын «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқасына құжаттар дайындайды  (ұсыныс, өтініш, сауалнамалар, награда қағазы)

   3.21. «Е-kyzmet» ақпараттық жүйесінің және кадр құжаттарының мерзімінде орындалуына, еңбек  кітапшаларының дұрыс  жүргізілуіне және сақталуына жауапты.

   3.22. «E -otinish», «E -licence» Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін   мерзімінде тіркеп  жауап  беруге  және оны қарау жөніндегі журналдарын  құжаттарын жүргізеді.

   3.23. «Documentolog» бағдарламасымен жұмыс жасау.

   3.24. Ауылдық округ  әкімі және бас  маманы еңбек  демалысына     шыққанда, сырқаттанып қалғанда,  іс - сапарға кеткенде  міндетін уақытша атқарады

   3.25.  Өзіне  бекітіліп  берілген  құрал-саймандардың  дұрыс  сақталуына  жауап  береді.

 

 

 

 

 

 

  1. «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшенің басшысының жауаптылығы:

4.1. Мемлекеттік әкімшілік қызметші өзіне қойылған міндеттерді және жүктелген өкілеттіктерді ұйымдастыруға және орындауға, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтауға, оларды уақтылы, сапалы және тиісті орындамағаны және әр түрлі заңды жауаптылық тудыратындай бұзушылық және/немесе оларды сақтамағаны үшін дербес жауап береді.

 

 

Таныстым:

Ташиева  Гулдана Айтжановна_________________

Дата публикации
29 сентября 2023