Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің
лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен
бекіту қағидаларына қосымша
НЫСАН
«БЕКІТІЛДІ»
Кеген ауданының әкімі
2022 жылғы «05» қаңтардағы
№ 2-ө-н/қ өкімімен
Лауазымдық нұсқаулық
Жылысай ауылдық округінің әкімі
(Е-R-1 санаты, индекс 25)
1.1. Жылысай ауылдық округінің әкімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заңы, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен және 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары және Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі міндетті.
1.2. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, аппараттың ережесі мен регламентін, аудан әкімінің өкімдерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
Лауазымдық міндетті атқару үшін әкімшілік мемлекетік қызметшіге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидалары» №20 бұйрығымен бекітілген қағидаларында белгіленген құқықтар беріледі, сонымен қатар мемлекеттiк қызметшiнiң:
2.1 Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2.2 Өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
2.3 Белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
2.4 Лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
2.5 Басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;
2.6 Жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;
2.7 Өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;
2.8 Тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;
2.9 Өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;
2.10 Бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;
2.11 Қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
2.12 Еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;
2.13 Әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
2.14 Мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;
2.15 Зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
2.16 Жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс:
3.1. Қазақстан Респуликасы Президентінің Қаулы, Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің қаулы, шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау, басшылық жасайды.
3.2. Азаматтардың өтініштерін, арыз-шағымдарын қарап, орындалуы жөнінде тиісті шаралар қабылдайды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында тиісті жұмыстар ұйымдастырады.
3.3. Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысын басқарады, оларды қаржылық-материалдық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
3.4. Округтегі елді мекендерді дамыту бағыттарын анықтап, мақсатты бағдарламалар жасап, оның жүзеге асырылуына ықпал етіп отырады.
3.5. Елді мекендерді көріктендіру, санитарлық тазалу, көше жарығы, ауыз сумен қамтамасыз ету (ауылдағы су жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау (колонкалар,скважиналар)), кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу жұмыстарын ұйымдастырады.
3.6. Ауылдық округтің тұрғын үй қорының сақталуын, автомобиль жолдарының күтіп ұсталуын қадағалайды.
3.7. Өз құзіреті шегінде әскери міндеттілік, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
3.8. Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
3.9. Мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады.
3.10. Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады.
3.11. Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі.
3.12. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
3.13. Жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады.
3.14. Өз құзіреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін шешеді.
3.15. Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
3.16. Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттарды күтіп – ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
3.17. Мемлекеттік қызметтің мәртебесін жоғарылату бағытында жұмыстар ұйымдастырады.
3.18. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмектер көрсетуді ұйымдастырады.
3.19. Жоспарға сәйкес округ тұрғындары өкілдерінің жиындарын өткізуді ұйымдастырады.
3.20. Жоспарға сәйкес жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуді ұйымдастырады.
3.21. Жергілікті қоғамдастық жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді.
3.22. Жергілікті бюджеттің кіріс көздерін қалыптастырады.
3.23. Мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібінің сақталуын камтамасыз етеді.
3.24. Ауылдық округ әкімі өз құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін әкімнің, аудандық мәслихаттың алдында жауап береді.
3.25. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қолданылуы мен олардың насихатталуын қадағалайды,
3.26. ҚР Заңдарына сәйкес әкімшілік – аумақтық құрылыс мәселелерін шешуге қатысады.
3.27. Төтенше жағдай мәселелері бойынша жұмыстарды қадағалайды
3.28. Діни экстремизм және терроризмге қарсы құжаттарды бақылауда ұстау.
4.Жылысай ауылдық округі әкімінің жауаптылығы:
4.1.Мемлекеттік әкімшілік қызметші өзіне қойылған міндеттерді және жүктелген өкілеттіліктерді ұйымдастыруға және орындауға, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулерді сақтауға, оларды уақытылы, сапалы және тиісті орындамағаны үшін және әр түрлі заңды жауаптылық тудыратындай бұзушылық және/немесе оларды сақтамағаны үшін дербес жауап береді.
Таныстым:
Нарынбаев Кайрат Улдаханович__________________