Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
"Электрондық үкімет порталы арқылы жер учаскесін алуға кезекке қою"

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар "электрондық үкімет" порталы арқылы мынадай құжаттарды тапсырады:
- көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған жер учаскесін алуға кезекке қоюға өтініш.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 20 (жиырма) минут ішінде.
Мемлекеттік қызмет нәтижесі: өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарлама немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Жұмыс кестесі: портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).


Толығырақ ақпаратты Жылысай ауылдық округі әкімінің аппаратынан алуға болады
Мекен-жайы: Жылысай ауылы, Ө.Сыдықжанұлы көшесі,5
Байланыс телефоны: 8 (72777) 5-42-01

Дата публикации
29 сентября 2023