Атаулы әлеуметтік көмекті
алуға өтініш берген адамның
(отбасының) материалдық
жағдайына тексеру жүргізу
жөніндегі учаскелік комиссия
құрамына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 37-бабының 3 тармағына, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 5-бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұхтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларының 2 бабының 15) тармағына, Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 ақпан №81 қаулысымен бекітілген Атаулы әлеуметтік көмекті алуға өтініш берген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу жөніндегі учаскелік комиссиялар туралы Ережені басшылыққа ала отырып ауыл әкімі ШЕШІМ ҚАБАЛДАДЫ:
1.Жылысай ауылдық округі аумағында тұратын, аз қамтылған, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларын анықтап, әлеуметтік көмек көрсетуде төмендегі құрамда комиссия құрылсын:
Комиссия төрағасы:
Қ.Нарынбаев – ауыл әкімі
Комиссия мүшелері:
Б.Таубалдиев - ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы
Қ.Имерзаев - бас маман
Д.Масенов – вет.пункт меңгерушісі
Ғ.Кулшағашова – мейірбике
Б.Тойжанова – әйелдер кеңесінің төрайымы, жеке кәсіпкер
Д.Аққозы – учаскелік полиция инспекторы
2. Ауылдық округ әкімінің 11.01.2022 жылғы №1 шешімінің күші жойылған болып танылсын.
3. Аталған заңға сәйкес учаскелік комиссияның жұмысына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Округ әкімі Қ.Нарынбаев