Құрметті Нұрбақыт Молдахметұлы, құрметті әріптестер!
«Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 10 адам жұмыс істейді. 5 мемлекеттік қызметкер, 5 техникалық қызметкер жұмыс істейді. Ауылдық округке қарасты 3 елді мекенде 386 отбасында 2334 адам тұрады.
Салық және бюджет түсімдері бойынша 2023 жылдың қыркүйек айына дейінгі мәлімет:
2023 жылғы жалпы салық болжамдары – 8 млн 292 мың теңге болса, 8 айлық қорытындысымен 7 млн 959 мың теңге орындалып. 96% - ды құрап отыр.
Оның ішінде:
Табыс салығының болжамы 120мың теңге болса, орындалғаны 1 млн 397 мың теңге болып (116,4 % құрады).
Көлік салығы болжамы 5 млн 579теңге болса, орындалғаны 4 млн 932 мың теңге болып (97 % құрады)
Мүлік салығы болжамы 498 мың теңге болса, орындалғаны 123 мың теңге болып ( 24,6 % құрады).
Жер салығы болжамы 15 мың теңге болса, орындалғаны 38 мың теңге болып (253% құрады).
Заңды тұлға көлік салығының болжамы 2 млн 200 мың теңге болса, орындалғаны 2млн 865 мың теңге болып (130,2% құрады).
Ауыл шаруашылығы:
Кеген ауданында ауыл шаруашылығы басым сала екендігі белгілі.Біздің ауылдық округте 117 шаруа қожалығы, тұрғындардың ауласындағы жеке қосалқы шаруашылығындағы малын қосып есептегенде барлығы;
4525-мүйізді ірі қара, оның ішінде 1700 аналық бас,
3023-жылқы, оның ішінде 900 бие,
19736-қой-ешкі, оның ішінде 11785 бас ұсақ мүйізді мал аналығы өсірілуде.
Асыл тұқымды мүйізді ірі қара 90 бас сатып алынды, оның 86 басы аналық 4 басы бұқа.5 бас асыл тұқымды бұқа сатып әкелінді, төрағасы Әбділбаев Айбек породасы герафорд. 65 қаңғыбас ит ұсталып көзі жойылды. «Дархан» ш/қ төрайымы Асия Қалмурзаева асыл тұқымды 3000 бас архар меринос қойы өсірілуде,оның 1700 басы аналық.
Ауылдық округ бойынша 80 га егістік жер игеріліп, 80 га арпа себілді.Қыста қысылмай шығу үшін жем-шөп қоры жасалуда.Бүгін күнге жоспар бойынша 10366 тонна қысқы мал азығы жоспарланып, оның 10200 тоннасы дайындалып, жеткізілді.Биылғы ауа райының қолайсыздығына байланысты табиғи шөп шығымы төмен болды.Беде, эспарцет сырттан жеткізілуде.
Ағымдағы жылы ауылдық округ аумағында ауқымды жұмыстар атқарылды.Атап айтқанда, халықтың ұсынысы бойынша Шыбышы ауылына ФАП салынды, Жылысай ауылында балалар ойын алаңының құрылысы қолға алынды. Жылысай ауылындағы ауыз су халықтың көмегімен ауыз су жүйесі қалыпқа келтірілуде,әліде бітпеген жұмыстары көп. Шыбышы ауылындағы Жәнібек баба атындағы мешітке жастардың көмегімен 5 тонна Шұбаркөл көмірі түсіріліп берілді. Ұлы дала жорығына ауылымыздан 5 азамат өз аттарымен қатысты. Оның үшеуі Алматы қаласының атынан қатысып 3 орын иеленді. Екеуі Алматы облысының атынан қатысты.
Көше жарық шамдарына байланысты Жылысай ауылында 33 опорға 1155 метрге көше шамдары қойылды, әлі іске қосылмады. Шыбышы елді мекеніне 20 опорға 692 метрге қойылады,дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мойнақ 8 опорға 288 метрге қойылды,толық бітпеді.
Жыл басында бөлінген қаржы 38 млн 663 мың теңгенің осы уақытқа дейін игерілгені 29 млн 513 мың теңге.(98% құрады).Жыл аяғына дейін толық игеріледі.
Жыл басында ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны 42 адам.
Оның ішінде: Цон арқылы тіркелгендер-2, Мүгедек адам күтуші-1, Пособие алу үшін-3, Жұмыстан бас тартқандар-4,Тұрақты жұмысқа орналасқандар-9, Ақылы қоғамдық жұмыста нақты қазіргі таңда жұмыс істеп жатқандар-11, Ақылы қоғамдық жұмыстың уақыты бітуіне байланысты жұмыстан шеттетілген адамдар саны-12.
Алдағы атқарылатын жұмыстар:
Алдағы атқарылатын жұмыстар жайлы айта кетсек, жаңа жұмыс орнын ашып халықты тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда. Мәдениет үйінің құжаттары дайындалып жатыр. Ауылдық дәрігерлік емхана салу үшін құжаттары дайындалу үстінде. Әкімшілк ғимаратын салу үшін құжаттары дайындалу үстінде. 3 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін құжаттары дайындалуда. Алдағы жылы жайлау бағдарламасын басшылыққа ала отырып ауылдағы малдарды жайлауға шығару жоспарлануда. 2 елді мекендегі көшелерге толық көше жарығын орнату жоспарлануда.
НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!