Ағымдағы жылдың 21 - сәуір күні «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2025 жылғы атқарылған жұмыстары жөнінде жария талқылау өткізілді.

Ағымдағы жылдың 21 - сәуір күні «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2025 жылғы атқарылған жұмыстары жөнінде жария талқылау өткізілді.
​ ​ ​
​ Қазақсан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес                       5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
       2025 жылы Жылысай ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер бойынша 12 өтініш қабылданды, Оның ішінде:


  1. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары:бойынша –9 жеке тұлға  кезекке тұрған.
            2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары:
            3. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары:
  2. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша:
  3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 3 өтініш қабылданып, қанағаттандырылды.
            

       Халықты ақпараттандыру мақсатында  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен электронды қызметтерді танымал ету мақсатында «Жылысай  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сінде:

  1. «Жылысай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де 28 мамыр күні мемлекеттік  қызметтер туралы толық  мағлұмат  беру  мақсатында  ашық есік күні өткізілді
  2. 2025 жылдың 28 мамыр күні Жылысай ауылдық  округі  әкімі аппаратының ұйымдастырумен ауыл тұрғындарына, мекеме қызметкерлеріне «e-gov»  мүмкіндіктері, «Өзіне –өзі қызмет көрсету»  бұрышынан қызметтер алу тақырыбында  акция өткізілді. Акцияда  жадынамалық  кітапшалар таратылды.
  3. Кеген ауданы «Жылысай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде қызметкері 26 маусым күні мемлекеттік қызметтер туралы толық мағлұмат беру мақсатында  Жылысай  ауылдық  дәрігерлік емханасында акция ұйымдастырды.
  4. 10 шілде 2025 жылы Жылысай ауылының Ө.Дінәсілұлы көшесіне өзіне-өзі қызметтер алу бойынша билборд ілінді
  5. 27 тамыз 2025 жылы Жылысай ауылында Мемлекеттік қызметтерді алу жолдары мен тәртібін түсіндіру мақсатында халыққа  түсіндірме  жұмысы жүргізіліп, брашуралар таратылды
  6. 28 тамыз 2025 жылы Мойнақ және Шыбышы ауылдарында Мемлекеттік қызметтерді алу жолдары мен тәртібін түсіндіру  мақсатында халыққа  түсіндірме  жұмысы жүргізіліп, брашуралар таратылды
  7. 16 қазан 2025 жылы Жылысай ауылының «Балдырған» бөбекжай балабақшасы  қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет  сапасын жоғарылату  мақсатында дөңгелек  стол ұйымдастырылды
  8. 12 қараша 2025 жылы Жылысай ауылында Мемлекеттік қызметтерді алу жолдары мен тәртібін түсіндіру  мақсатында халыққа  түсіндірме  жұмысы жүргізіліп, брашуралар таратылды
  9. 10 желтоқсан 2025 жылы «Жылысай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде қызметкері мемлекеттік қызметтер туралы толық мағлұмат беру  мақсатында  М.Орманов атындағы орта мектебінде акция ұйымдастырды.

     Округ  әкімі апаратындағы  өзіне – өзі  қызмет көрсету бұрышы арқылы 2025 жылы 106 электрондық қызмет көрсетілді.
         Халықты   ақпараттандыру  үшін   мемлекеттік  көрсетілетін   қызметтер  тізілімі, қағидалар жазылған стенд ілінген.

          Қызметтерді  уақытылы, әрі сапалы  көрсету азаматтардың   қызметке ризашылық   деңгейінің  артуы – мемлекеттік  көрсетілетін қызметтің  тиімділігін  бағалау шартының  негізгі бағыты  болып  табылады.

          2025  жылдың қорытындысы  бойынша мемлекеттік  қызмет     бекітілген мерзімде   көрсетілді, жеке  және  заңды  тұлғалардың  тарапынан  мемлекеттік қызмет көрсету сапасына  шағым   келіп түспеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту  орын алмады.

  

Дата публикации
21 апреля 2026