
Жылысай ауылдық округінде дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін әр түрлі құрлымдары жұмыс жасайды, оның ішінде: 3 стадион, 3 спорт зал. Ауылдық округте ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелерге ауылдық клуб қызметкерлерімен бірлесе отырып, түрлі мәдени-көпшілік шаралар үнемі ұйымдастырылып отырады.Округ тұрғындарының ұйымшылдығын арттыру, салауатты өмір салтын дамыту мақсатында волейболдан, шағын футболдан «Жылысай лигасы» ауыл чемпионаты тұрақты түрде қалыптасып, ай сайын ұйымдастырылып отырады. Ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайту және кешкі уақыттарын ұтымды өткізу үшін дене шынықтырумен айналысатын тұрғындардың санын көбейту мақсатында спорт түрлерінен сауықтыру жұмыстары жүргізіледі.