Жалағаш ауылдық округінің әкімі А. Садырова 17 наурыз 2026 жылы Кеген ауданының әкімі Н. Теңізбаевтың 2026 жыл 12 наурыздағы 01-10/240 санды хатының негізінде аппарат қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, олардың алдын алу бойынша ұйымдастырушылық шараларды күшейту, сондай-ақ лауазымдық міндеттерді орындау барысында қызметтік өкілеттіліктерді жеке немесе үшінші тұлғалардың мүддесі үшін пайдалануына, материалдық немесе өзге де пайда алуға, заңсыз сыйақы алуға немесе делдал болуға қатаң тыйым салынатынын ескертіп, қызмет барысында заң талаптарын сақтауы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жалағаш ауылдық округінің әкімі А Садырова Жайдақбұлақ ауылының тұрғындарыЖалағаш ауылдық округінің әкімі А Садырова Жайдақбұлақ ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді.мен кезекті кездесуін өткізді.
Жалағаш ауылында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Бұл күні ауыл тұрғындары ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, бірлік пен татулықты дәріптеді.
Мерекелік шаралар барысында киіз үйлер тігіліп, дастархан жайылып, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Ауыл өнерпаздары ән айтып, би билеп, түрлі концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, жастар мен үлкендер белсенді қатысты.
Бұл мереке Жалағаш ауылының тұрғындары үшін ерекше көңіл-күй сыйлап, көктемнің келуін, жаңару мен жақсылықтың басталуын білдіретін жарқын күн болды.
Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы Жайдақбұлақ ауыл тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді. Кездесу барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерге жауап берді.
Бүгін Жалағаш ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарымен көктемгі науқандық жұмыс жөнінде отырыс өтті.
В соответствии с проектом "Чистый четверг" в рамках экологической акции "Чистый Казахстан" на территории Жалагашского сельского округа были проведены работы по уборке в парке Победы.
Жалағаш ауылының тумасы, «Абай арнасының” Бас продюсері, филология ғылымдарының кандидаты, филолог, телередактор Жаңылхан Асылбекова жеке кітапханасынан 170 кітап Тоғызбұлақ ауылында ашылған жаңа кітапханаға тарту етті. Жаңылхан әпкемізге үлкен АЛҒЫС білдіремін.
Жалағаш ауылдық округі әкімінің жанынан құрылған ақсақалдар алқасы, аналар кеңесі және әжелер ұйымдары арасында ауылдағы бір қатар мәселелер туралы отырыс өтті.
Биыл Тоғызбұлақ және Жалағаш ауылдарынан «Балалар ойын алаңы» салынатын болады. Елді мекендердегі балалар ойын алаңының құрылысы басталды.