Жалаңаш ауылдық округі тұрғындарынан округтің қоғамдастық жиналысына тұрақты өкілдер сайлау жиналысының
№1 ХАТТАМАСЫ
Жалаңаш ауылы 08.06.2020 жыл
Мәдениет үйі сағат 15-00
Жиналыс басқарушы: А. Малыбеков - округ әкімі
Хатшы:
Қатысқандар:
Кеген ауданы мәслихатының депутаты – Б. Алиев
Ардагерлер кеңесінің төрағасы- Ә. Сыбанбаев
Ақсақалдар алқасы -7 адам
Көше комитеттері -27 адам
Ауылдық округ тұрғындары - 201 адам
КҮН ТӘРТІБІ
Жиналысты Жалаңаш ауылдық округінің әкімі А.Малыбеков ашып, жиналыстың күн тәртібімен таныстырды және ауылдық округі, тұрғындарынан округтің қоғамдастық жиналысына тұрақты өкілдер сайлау жиналысы хатшысының кандидатурасын ұсынуды сұрады.
Ә. Сыбанбаев – жиналыс хатшылығына Т. Бокин көшесінің тұрғыны Сембаев Берікболды ұсынды.
А.Малыбеков - Басқа ұсыныс бар ма? Жоқ болса. Сембаев Берікбол жиналыс хатшысы болсын дегендердің қолдарын көтеруін сұраймын.
Қарсы,қалыс қалған жоқ. Сембаев Берікболдың жиналыс хатшысы қызметіне кірісуін сұраймын.
Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселе бойынша округ әкімі – А.Малыбеков жиналғандарға округ аумағында қоғамдық кеңес, көше комиттеттері мүшелерінің бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, бұл жұмыста жетістіктер мен жұмыс барысында кездескен қиыншылықтар туралы жиналғандарға баяндап берді.
Жергілікті қоғамдастық жиналысына ауылдық округ тұрғындарынан 29 тұрақты мүшесін және осы азаматтардың ішінен төраға сайлау керектігін және жиынға қатысушылардан ұсыныс берулерін сұрады.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә. Сыбанбаевқа сөз берілді.
Ә. Сыбанбаев – мен Жалаңаш ауылымыздың округтік қоғамдастық жиынына тұрақты мүше ретінде көше комитеттері төмендегі 19 азаматтың тізімін жиналыс қатысушыларына ұсынамын және төраға ретінде Жанғабылов Бақытты ұсынамын. Себебі бұрын көп жыл қызмет істеген, жұмысына тиянақты, ел сыйлайтын азамат.
Ұсыныс беру үшін сөз кезегі Тоғызбұлақ ауылының тұрғыны Қылышбаев Өмірбекке берілді.
Ө. Қылышбаев - мен ауылымыздан округтік қоғамдастық жиынына тұрақты мүше ретінде төмендегі 7 азаматтың тізімін жиналыс қатысушыларына ұсынамын. Осымен қатар төраға ретінде ұсынылып отырған Б. Жанғабыловтың кандидатурасын қолдаймын.
Ұсыныс беру үшін сөз Жайдақбұлақ ауылының тұрғыны Искакова Гүлбаршынға берілді.
Г. Искакова - мен ауылымыздан округтік қоғамдастық жиынына тұрақты мүше ретінде төмендегі 3 азаматтың тізімін жиналыс қатысушыларына ұсынамын. Б. Жанғабыловтың төраға болуына келісеміз.
Жиналыс төрағасы А.Малыбеков ұсынылған тізімдегі 29 үміткердің аты жөнінімен таныстырып, жиналыс қатысушыларының пікірін сұрады.
Басқа ұсыныс бар ма? Басқа ұсыныс болмаса, тізім бойынша немесе жеке-жеке дауысқа қоямыз ба?
Тізім бойынша сайлайық деген ұсыныс түсті.
Дауыс беруіңізді сұраймын. Қарсы, қалыс қалғандар жоқ.
Тізімдегі адамдар жалпы округтік жергілікті қоғамдастық жиналысына тұрақты мүше ретінде 3(үш) жыл мерзімге сайланды.
А.Малыбеков – Жанғабылов Бақыт округтік жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болсын дегендердің қолдарыңызды көтерулеріңізді сұраймын.
Қарсы, қалыс қалған жоқ. Жанғабылов Бақыт жиналыс төрағасы қызметіне кірісуін сұраймын.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша округ әкімі – А.Малыбеков Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 04.12.2014 жылғы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету туралы» Ережесінің №126 Қосымшасына сәйкес ауылдық округ бойынша салық түсімдері мен басқа да төлемдерден түскен қаражатты жұмсау, бөлу туралы жиналғандарға баяндап берді.
Ұсыныс жасау үшін сөз жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы Б. Жанғабыловқа берілді.
Б. Жанғабылов – жергілікті салық түсімдерінен түскен қаражаттан көше жарықтарына және мәдениет үйлерінің электр қуатына керекті қаражатты
Бірінші мәселе бойынша жиналыс шешімі
Жалаңаш ауылы бойынша:
Екінші мәселе бойынша жиналыс шешімі
Үшінші мәселе бойынша жиналыс шешімі
Жиналыс төрағасы Б. Жанғабылов
Хатшы Б. Сембаев