Жалаңаш ауылдық округі әкімінің халықпен кездесулерін өткізу туралы іс шаралар жоспары

Бекітемін

                                                                                                                                                Жалаңаш ауылдық округінің әкімі

                                                                                                                               ______________  А. Малыбеков

                                                                                                                                            «__» ________________2024 жыл

 

 

Жалаңаш ауылдық округі әкімінің халықпен кездесулерін өткізу туралы іс шаралар жоспары

 

р/н

Іс-шара

Орындау мерзімі

Жауапты

1.

Ауылдық округ әкімінің халықпен кездесулерінің икемді жылдық күнтізбесін (бұдан әрі – күнтізбе) жасау (әр ауылда, ауылдық округте тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесуі)

Жыл сайын

10 қаңтарға дейін

А. Садырова

2.

Проблемалық мәселелердің пулын жасау үшін халықтың сұраулары мен ұсыныстарын жинау бойынша комиссия құру

Жыл сайын

10 қаңтарға дейін

Ауылдық округ әкімінің аппараты

3.

Бұқаралық ақпарат құралдарында, (оның ішінде жергілікті баспа басылымдарында, ресми интернет-ресурстарда және «электрондық үкімет» веб-порталында, ашық деректер интернет-порталында),  ресми аккаунтарында, әлеуметтік желілерінде және барлығына қолжетімді жерлерде ақпараттық-насихат жұмысын жүргізу

Үнемі

Ауылдық округ әкімінің аппараты

4.

Ауылдық округ әкімінің кездесуін өткізу және халықтың сұраулары мен ұсыныстарын жібер жолдары туралы хабарландыруларды жергілікті баспа және электрондық БАҚ-да жариялау.

Кездесу өтетін күннен екі апта бұрын

Ауылдық округ әкімінің аппараты

5.

Халықтан келіп түскен сұраныстар мен ұсыныстардың шешу жолдарын анықтау, жүйелестіру

Кездесу өтетін күннен 3 күн бұрын

А. Садырова

6.

Кездесу өткізу тәртібін дайындау

Кездесу өтетін күннен 3 күн бұрын

А. Садырова

7.

Ауылдық округ әкіміне баяндама, слайдтар және қажетті анықтамалық материалдар дайындау

Кездесу өтетін күннен 3 күн бұрын

Ауылдық округ әкімінің аппараты

8.

Кездесу өтетін орындарды дайындау (аппаратураның үздіксіз жұмыс істеуі және электрмен жабдықтау, ЛЭД экран, билборд орнату, аумақты санитарлық тазалау жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету)

Кездесу өтетін күннен 3 күн бұрын

Ауылдық округ әкімінің аппараты

9.

Өткізілген кездесулердің қорытындылары туралы ақпаратты, проблемалық мәселелердің тізбесін, проблемалық мәселелерді шешудің нақты мерзімдерін көрсете отырып бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ресми интернет-ресурстарда және «электрондық үкімет» веб-порталында орналастыру

Кездесулер мен азаматтарды қабылдау аяқталған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей

Ауылдық округ әкімінің аппараты

10.

Проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету

Үнемі

Ауылдық округ әкімінің аппараты

11.

Халықты құлақтандыруды қамтамасыз ету (ресми интернет ресурстарында және жалпыға қолжетімді орындарда хабарландыру, орналастыру)

БАҚ-да жарияланған сәттен бастап

Ауылдық округ әкімінің аппараты

 

 

Ауылдық округ әкімінің орынбасары                           А. Садырова

Жалаңаш ауылдық округі әкімінің халықпен кездесулерін өткізу туралы іс шаралар жоспары
Дата публикации
04 марта 2024