Аналитикалық анықтама

Алматы облысы «Кеген ауданы Жалаңаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Жалаңаш ауылы                                                               28.09.2023 жыл

 

КІРІСПЕ БӨЛІМ

 

Алматы облысы «Кеген ауданы Жалаңаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі – ауылдық округ әкімінің аппараты) ауылдық округ әкімінің «Жалаңаш ауылдық округі әкімінің аппараты қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2023 жылғы                     20 қыркүйек №33-ө-н/қ өкімінің негізінде 2023 жылдың 01 қаңтар мен 30қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жалпы кезең 2023 жылғы 9 ай болып айқындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 Жарлығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидаларына» сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:

 

АППАРАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ;

 

Кеген ауданының «Жалаңаш ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметінде:

 

- ҚР «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңымен;

- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы;

- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен;

- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен;

- «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі»;

- ҚР Азаматтық Кодексімен

- ҚР Жер Кодексімен

- ҚР Еңбек Кодексі

- Кеген ауданының «Жалаңаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесімен өз қызметін жүзеге асырады.

 

 

 

 

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:

 

2023 жылдың 9 айында округ әкімі негізгі қызмет бойынша 11 шешім,      34негізгі қызмет бойынша өкім және жеке құрам бойынша 31 өкім шығарды. Негізгі қызмет бойынша шешімдердің есебі тоқсан сайын талдау үшін Еңбекшіқазақ ауданаралық Әділет басқармасына беріледі.3 тоқсанның қорытындысы бойынша Жалаңаш ауылдық округі әкімінің аппараты қызметкерлеріне «ескертулер» болған жоқ. Жеке құрам бойынша өкімдер және негізгі қызмет бойынша өкімдер "E-Kyzmet"базасына өз мерзімінде енгізіледі. Кеген ауданы прокурорының есепті кезеңде шешім мен өкімдердің күшін жою туралы наразылықтары болған жоқ.

 

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша;

 

Аппарат қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркеу, уақытылы және сапалы орындау бойынша жұмыстарға бас маман Құрманбекова Индира Мәсетбайқызы жауап береді.

Кегенауданының  «Жалаңашауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттікмекемесі 01.01.2023-30.09.2023 аралығындағықұжаттарайналымытуралымәлімет:

         Жеке қабылдаубойынша 44 өтініш. Оныңішінде:Ауыл аманаты бойынша-22, Жұмыспенқамту -6, отын мәселесі-3,  Үйініңқұжат мәселелері-12,жол мәселесі-1.Толықтай түсіндірілужұмысыжүргізіліп, қанағаттандырылды.

         Е-өтінішақпараттықжүйесіне 9-өтініш, 1-ұсыныс тіркелді.

         Оныңішінде: 6- өтінішжермәселесітуралы, 3-өтініш көпбаланыөміргеәкеліптәрбиелегеніүшіннаградтаутуралы.Өтініштертолықтайқанағаттандырылып,әкімшілікқолайлы акт қабылданды.1-ұсыныс баспаданшыққанкітапты саты алутуралыұсыныс.

         Заңдытұлғадантүскенөтінішжоқ.

Кірісқұжаттары (қағазтүрінде)-138: Документолгбойынша (электрондыформатта) 8-хат.

         Шығысқұжаттары (қағазтүрінде)-370: Документолгбойынша (электрондыформатта) 0

Аудан әкімінің және ауылдық округ әкімінің сайтына тұрғындар тарапынан өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.

Ұсыныс: «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі»талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ өтініштерді қарау мәселелері бойынша әкім аппаратының қызметкерлері арасында семинар өткізу.

 

 

 

 

 

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша;

 

 «Жалаңаш ауылдық округі әкімі аппараты» ММ  мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес  5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.  Көрсетілген қызметтер саны -1, барлығы-1.  

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде –0.

 «Елді мекен шегінде  объекті  салу  үшін  жер  учаскесін  беру» мемлекеттік көрсетілетін  қызмет –0.

       Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы –1.

     Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін

мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу –1.

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет-0

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту  орын алмады.

    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына  шағым   келіп түспеді.       

2023 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет реестріне сәйкес көрсетілген қызметтердің жалпы саны - 1. Мемлекеттік қызметтің бұл түрлері бойынша өтініш берушілерден шағымдар түскен жоқ.

Қағаз нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-0.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат бар стендтер ілінген. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округте тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша округ әкімінің аппараты тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушілер мен Мемлекеттік корпорация орналасқан жерлерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орналастыру арқылы ұсынылады.

Талдау барысында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында ақпарат тақтасы бар екендігі анықталды.

 

  1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Есептік кезеңде округ әкімі аппаратының мамандары Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

Ұсыным: қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл кемінде жарты жылда бір рет уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анонимді сауалнама жүргізіледі.

 

  1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы;

2023 жылға арналған штаттық кестеге сәйкес Кеген ауданының «Жалаңаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің штат саны 7 адамды құрайды.

Округ әкімі аппаратының штат саны 7 бірлік, оның ішінде: Жалаңаш  ауылдық округінің әкімі – 1 бірлік, ауылдық округ әкімінің орынбасары-1, құрылымдық бөлімше басшысы – 1 бірлік, бас мамандар-4.

Талдау кезеңінде округ әкімі аппаратының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері мен Мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылықтар, сондай-ақ теріс қылықтар болған жоқ.

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.

Округ әкімі аппараты қызметкерлерінің қатарынан лауазымын төмендету фактілері болған жоқ.

Округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне демалыс беру бекітілген кестеге сәйкес және қатаң түрде мемлекеттік қызмет туралы Заңға және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметке азаматтарды қабылдауды аудандық кадрлар басқармасының бірыңғай қызметі жүзеге асырады.

Округ әкімінің аппаратында кадрлардың ауысуы жоқ.

Ұсынылады: конкурсты өткізу кезінде конкурстық рәсімдерді және кандидаттарға қойылатын талаптарды реттейтін заңдарды және нормативтік-құқықтық актілерді қатаң басшылыққа алу.

 

  1. Есепті кезеңде мүдделер қақтығысы болған жоқ.

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

 

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Жалаңаш ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі келесі құжаттарды ұсынамыз:

1) «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі»талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ аппарат қызметкерлері арасында өтініштерді қарау мәселелері бойынша семинар өткізуге;

2) тоқсанына 1 рет мамандармен Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын зерделеу бойынша семинарлар өткізу;

3) Ауылдық округ әкімінің аппараты алдағы қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға жол бермеу бойынша қажетті бақылау шараларын қабылдасын, аппарат қызметтік міндеттерін орындауға жауапты қызметкерлерінің арасында семинарлар өткізсін.

 

 

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

  1. Садырова Айгүл Бектұрсынқыз Жалаңаш ауылдық округі

                                                                                     әкімінің орынбасары

 

  1. Қызайбекова Нұргүл Иманәліқызы Кеген аудандық маслихат

 депутаты, жеке кәсіпкер

 

  1. Масенов Бауыржан Серікұлы Кеген ауданының «Жалаңаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің құрылымдық бөлімше басшысы

 

Таныстым:

 

Малыбеков Әміржан Байниетұлы              Жалаңаш ауылдық округінің әкімі

 

 

 

Алматы облысы «Кеген ауданы Жалаңаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
11 октября 2023