
С
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары жер учаскесіне меншік құқығының және жер пайдалану құқығының пайда болуының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін, жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеумен айналысады.
Халықты азық – түлікпен, өнеркәсіп-шикізатпен қамтамасыз етуге, дамушы экономика жағдайында аграрлық сектордың экспорттық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған Ауыл шаруашылығын басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу.
Негізгі міндеттер:
1) ауыл шаруашылығы саласында озық технологияларды енгізуге жәрдемдесу;
2) ауыл шаруашылығы саласында индустриялық-инновациялық дамуды қамтамасыз ету;
3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
4) тұқым шаруашылығы, Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру.