GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Қызметі
Все материалы
Бюджет
03 июня 2024
Ішкі талдау

Кеген ауданының «Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-і 2024 жылдың  03 маусымнан 13 маусымға  дейін, 2023 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2.4-тармақтарына сәйкес Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 2016 жылдың 19 қазандағы № 12. «Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі 2024 жылдың 03 маусымынан 13 маусымға  дейін, 2023 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр. Анықтама телефоны 8/72777/5-41-00, мекен жайы: Кеген ауданы, Ұзынбұлақ ауылы, М.Қылышбаев көшесі, 24

 

 

Мәдениет
12 апреля 2024
Көрсетілген қызметтер

Ағымдағы жылдың 9 - сәуір күні "Ұзынбұлақ   ауылдық округі әкімінің аппараты " мемлекеттік мекемесінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2023 жылғы атқарылған жұмыстары жөнінде жария талқылау өткізілді.

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, «Ұзынбұлақ  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

  1. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.
  3. «Елді мекен шегінде объекті салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша–мемлекеттік қызметі бойынша өтініш тіркелмеді.
  4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.
  5. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0 өтініш.

 

Халықты ақпараттандыру мақсатында  мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен электронды қызметтерді танымал ету мақсатында «Ұзынбұлақ  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы 1 акция өткізіліп жаднамалық кітапшалар таратылды, 1 дөнгелек үстел, 1 ашық есік күні, 4 түсіндірме жұмысы  жүргізілді,.

«Ұзынбұлақ   ауылдық  округі әкімінің аппараты» ММ-де көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп округтің (Instagram, Facebook) әлеуметтік желілерінде   өткізілген шаралар  жарияланып  отырды.

         Халықты   ақпараттандыру  үшін   мемлекеттік  көрсетілетін   қызметтер  тізілімі, қағидалар жазылған стенд ілінген.

          Қызметтерді  уақытылы, әрі сапалы  көрсету азаматтардың   қызметке ризашылық   деңгейінің  артуы – мемлекеттік  көрсетілетін қызметтің  тиімділігін  бағалау шартының  негізгі бағыты  болып  табылады.

Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімі                          О.Тақабаев

 

Кораласов Н.

8/72777/5-41-01

 

Білім
07 февраля 2024
Онлайн сауалнама

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының
2022 жылғы 3 ақпандағы № 6888 ПАБ-29 қарарына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) бірлесіп, онлайн форматта қоғамдық мониторинг рәсімін іске асыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылған.

 Аталған тапсырманы орындау мақсатында Агенттік Министрлікпен бірлесіп «электрондық үкімет» порталының «Ашық диалог» платформасында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейін анықтауды онлайн нысандағы сауалнама жүргізу арқылы ұйымдастырды (http://m.egov.kz/survey/).

Ұйымдастыру барысында бағалау нәтижелерін бөгде адамдармен «қолдан көбейту» қаупін болдырмау мақсатында «респондент – қызмет алушы» орамын қатаң ұстану басты мақсат.

Осыған байланысты, облыс бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторингтің онлайн нысанда басталғандығы және қызмет алушыларды белсене қатысуға шақыру туралы ақпаратты қызмет алушыларға жеткізу мақсатында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың және оған бағынышты ұйымдарының ресми интернет-ресурстерінде және әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларына анонсты және баннерді орналастыруды ұйымдастыру қажет (қоса беріледі).

Онлайн нысандағы сауалнама ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады. Осыған байланысты, қызмет алушылардың қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сауалнаманы өту барысында туындаған мәселелері бойынша тұрақты түрде бақылау жүргізу (анонстар орналастырылған әлеуметтік желілердегі пікірлер) және оларға жедел әрекет ету, консультациялық көмек көрсету қажет екендігін назарларыңызға жеткіземіз.

Департамент басшысы                                                               А.Жакупов                                                                                      

 

Спорт
02 ноября 2023
“Республика күні” мерекесіне орай таңғы жаттығу

             2-қараша Кеген-Алматы трассасының Жалаңаш ауылдық округіне бұрылысындағы автотұрақта “Республика күні” мерекесіне орай, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік қызметкерлерді спортқа баулу мақсатында, “Спорт- маңызды, спорт- қажет” атты мемлекеттік қызметкерлер арасында таңғы жаттығу және "Шарын" өзенінің автотұрағына дейінгі аралықта 4 шақырымдық жеңіл атлетикадан жүгіріс ұйымдастырылып өтті.
          Таңғы жаттығуға Жылысай, Ұзынбұлақ, Алғабас ауылдық округтеріндегі мемлекеттік мекеменің қызметкерлері, орта мектептердің мұғалімдері, мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. Шара барысында жүгіруден орын алған мамандар аудандық спорт бөлімінің ұйымдастырумен алғыс хаттар мен сыйлықтармен марапатталды.

Ауыл шаруашылығы
18 октября 2023
Мал суаттарына тартылған су жүйесін түсіндірме

Ұзынбұлақ ауылдық округіне қарасты Ұзынбұлақ, Ақсай елді-мекендеріндендегі орналасқан шаруа қожалықтарына тартылатын мал суаттарына өзгерістер енгізу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  

Мәдениет
18 октября 2023
Аналар кеңесінің есебі

2023 жылдың 12 қазаны күні Ұзынбұлақ ауылдық округінде аналар кеңесінің 2023 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Білім
27 сентября 2023
1-қыркүйек "Білім күні" мерекесі

Ұзынбұлақ ауылдық округідегі Ы.Көшкінов, Ақсай және Жалаулы орта мектептерінде 1-қыркүйек "Білім күні" мерекесіне орай алғашқы қоңырау салтанатты жиындары мен "Мектепке жол" акциялары өтті.

Ауыл шаруашылығы
27 сентября 2023
"Ауыл аманаты" жобасын түсіндіру жұмыстары

Кеген ауданы әкімінің орынбасары М.Батырханұлы, аудандық "Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Өмірзақовтың қатысуымен "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарына несие алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы