Аналитическая справка

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Кеген ауданының «Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

 

Ұзынбұлақ ауылы                                                       2023 жылғы 28 қыркүйек

 

КІРІСПЕ БӨЛІМ

         Кеген ауданының «Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» ММ  әкімінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 37 "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" өкімі негізінде 2023 жылғы 19-27 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен  2022 жылғы 12 айдағы жұмысы қамтылды.

Кеген ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы No 301 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде (бұдан әрі ереже).

         Ережеге сәйкес аппарат қызметкерлерінің миссиясы ауылдық округ аумағында, жергілікті атқарушы орган саласындағы мемлекеттік басқару функциясын іске асыру болып табылады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ұйымдық-басқарманың басқару қызметі

    Персоналды басқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлардың ауысуы. "Ұзынбұлақ ауылдық округі аппараты" мемлекеттік мекемесінің штат саны 6 бірлікті құрайды.

     Аппараттың барлық қызметкерлері атқаратын лауазымдарының біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасында олардың жеке мүдделері өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін қайшылықтар белгіленбеген.

    Кадрлардың ауысу желісі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде тәуекелдер белгіленбеген.

 

       Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілігін арттыру кезеңділігін сақтау туралы:

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы No152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында Б корпусының мемлекеттік қызметшілері кемінде үш жылда бір рет біліктілігін арттырудан өтетіні көзделген.

      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілігін арттыру кезеңділігін сақтау бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде анықталмаған.

Мемлекеттік қызмет көрсету желісі бойынша:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы No750 бұйрығымен бекітілген құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес "Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты" ММ тұрақты негізде 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  • «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»,

2)«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,

3)«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»,

4)«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» 5)«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу

арқылы сату» мемлекеттік қызметтерді  көрсетуді ұсынады.

            Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкестігі, бланкілерді есептеу, белгіленген орындарда сақтау, есепті жүргізуіне, ведомствалық актілерді (нұсқаманы) есепке алу бланкілері бойынша тиісті жауапты адамдар өз міндеттерін орындауына ішкі бақылауды ұйымдастыруына және құқықтық статистика органдарымен салыстыруларды өткізуі туралы жұмыстарға талдау жасау.

            "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 1-тармағы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі туралы ақпарат бөлім ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орналастыру арқылы, сондай-ақ бөлімнің сайты арқылы халықты хабардар ету жолымен ұсынылады.

 

      Өз қызметін жүзеге асыру кезінде бөлім басшылыққа алатын заңнама:

  1. "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 қарашадағы No 186 Заңы;
  2. Казакстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі
  3. 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы сонымен қатар, бөлім құжаттарды жасау және рәсімдеу кезінде бланкілерді пайдаланады. Бланкіде құжаттың деректемелері құжаттың деректемелерін орналастыруға сәйкес орналастырылады.

Функциялар:

    1.Ішкі талдау жүргізілетін мерзімі, жұмыс тобының мүшелерін белгілеу, жұмысқа бағыт береді;

   2.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

   3.Кіріс, шығыс құжаттарын мерзімінде тіркеу, хаттардың сапалы орындалуына, сақталуына жауап беруге.

    4.Бөлімге келіп түскен қызметтік құжаттарды қарайды.

    5.Округ әкімі аппараты қызметкерлерінің, мекеме басшыларының  жиналысының, жалпы жұртшылық, өкілдер жиналыстарының хаттамаларын  дайындайды.

      6.Іс қағаздарын  жүргізудің номенклатурасына сәйкес жеке істерін ашу, оларды мерзіміне қарай жүргізу. Істердің сапалы сақталуын  қамтамасыз  ету.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысы және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары негізінде Кеген ауданының «Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» ММ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жыл басында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек устел өткізіледі.

     1) бөлімнің штаттық қызметкерлерінің жеке істерін талдау барысында жақын туыстарының, ерлі-зайыптыларының және жекжаттарының бірлескен қызметі фактілері анықталған жоқ.

   Ұсынылады: жұмысқа қабылдау кезінде туыстық мүдделерге жол бермеңіз.

     2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бөлім мынадай мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетеді:

Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;

* «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»,

2) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,

3) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»,

4) «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» 5) «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу

арқылы сату» мемлекеттік қызметтерді  көрсетуді ұсынады.

      *Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру.

Ұсынылады: электрондық мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту қызметтер.

       Әкімшілік ұйымдастырушылық-басқару қызметіне жүргізілген ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

Қорытынды бөлім

           "Кеген ауданының «Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкіміне ұсыныстар:

         Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімшілігінің мамандары өздерінің функционалдық міндеттерін адал орындайды.

        Мекеменің құжаттарын жасау және ресімдеу кезінде бланкілерді пайдаланыңыз. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің, аудан әкімінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету.

      Кеген ауданының «Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік Қызмет көрсетудің қолданыстағы стандарттарының талаптарын қатаң сақтау.

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қатаң сақталсын.

 

                                                        Топ мүшелері:

   Бас маман                                                                                Н.Кораласов

   Бас маман салық-инспекторы                                            Д.Айтбайұлы

   Бас маман                                                                                А.Мысабекова

                                                       Таныстым:

 

Ауылдық округ әкімі                               О.Такабаев

Дата публикации
11 октября 2023