Тұйық ауылдық округінің әкімі Ж.Алиасқаров 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай ауылымыздағы қарт аналар мен қыз-келіншектерді айтулы мерекесімен құттықтап, марапаттады.
Бүгін яғни 21.02.2025 ж Тұйық ауылдық әкімшілік ғимаратында ауыл шарушылығы туралы мемлекеттік бағдарламаларды және ет өңдеу комбинатының жұмысы туралы Аудандық ауыл шаруашылығының басшылары келіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
20.02.2025жылы Тұйық ауылдық әкімшілік ғимаратында Әкімшілік қызметкерлері және Темірлік орманшылығы мен бірлесе отырып ауыл тұрғындарына және шаруақожалық төрағаларына өрт қауіпсіздігінің алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
28.02.2025 жылы Тұйық ауылы жастарының ұйымдастыруымен, "Слава Мұнай Сервис" ЖШС нің демеушілігімен валейболдан жарыс өтті.
Кеген аудандық қорғаныс бөлімінің мамандары келіп көктемгі әскери шақыртулар бойынша Тұйық ауылдық әкімшілік мәжіліс залында ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
16 Желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Тұйық ауылдық округі әкімшілігінің мәжіліс залында "Тарихта қалған із" атты мерекелік шара өтті.
Кеген аудандық мәдениет үйінде Кеген аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің ұйымдастыруымен "Ауыл шаруашылық күні" мерекесі өтті.
Кеген аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Кеген аудандық мәдениет үйінде "Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт" жобасы аясында өткен "Іргесі жаққан менің көршім" атты байқау өтті.