
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы тапсырмаларын орындау, салауатты өмір салтын насихаттау мен енгізу мақсатында Кеген ауданының бұқаралық спорттық іс шараларды дамыту орталығы Тұйық ауылдық округі бойынша 1 спорт жөніндегі әдіскер нұсқаушы жұмыс жасайды. Спорт әдіскер тұрғындармен салауатты өмір салтын ұсынуға, денсаулығын нығайтуға және кешкі уақыттарын ұтымды өткізу үшін әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 2030-дан 2230 ға дейін спорттық ойындар ұйымдастырды.
Ауыл жастары әр жылғы азаматтарының ұйымдастыруымен ай сайын волейбол ойынынан тұрақты түрде жарыс ұйымдастырылуда.
Ауылдық округте грек рим күресінен жаттығу залы жұмыс істейді. Күрес залында 25 бала дайындық жасайды. Аудандық, облыстық, Республикалық жарыстарда Грек Рим күресінен ауыл жастары жүлделі орындарға ие болып жүр.